Біздің балабақша
Мекеменің атауы: Алматы қаласы Білім басқармасының «№179 бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ғимараттың типі: 2 қабатты
Ғимарат көлемі : 2495,1 кв.м
Жер көлемі : 0,5532га
Мекеменің қызмет түрі: Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие
Заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жері: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ-3 ықшамауданы, 165 Б үй.
Телефон/факс: 8 (727) 234-28-49
Электрондық пошта: 179balabaqsha_
Веб-сайт: http://179.almatybala.kz/
Қолданылуға берілген жылы: 2014жыл.
Балабақша меңгерушісі: Қожабек Жанар Әуелханқызы
Телефон: 87051450351
Тағайындау туралы бұйрық: 16.05.2019жыл, №63 бұйрық.
Оқыту тілі – мемлекеттік тілде.
Жобалық күші: 145Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» негізінде әр топ (ойын бөлмесі, жатын бөлмесі, қабылдау бөлмесі ), барлық дәліздер, музыка залы, спорт залы, оқшаулау бөлмесі, кір жуатын бөлме, балабақша асханасы және даладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бейнебақылау камералар саны 36. Ақпаратты сақтау мерзімі 30 тәулікті құрайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 17.08.2021 жылғы № 59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне койылатын санитарлық қағидалары мен санитарлық - эпидемиологиялык талаптар» бойынша санитарлық қағидалары мен нормаларына сайкес, балабақша ауласында балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты шағын ойын-сәулет нысандарымен жабдықталған серуен алаңдары бар.
Педагогикалық ұжымның жұмысы Білім берудің барлық деңгейінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 КРУК өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және Ғылым министрінің 05.05.2020 жылғы № 182 бұйрығы Қазақстан Республикасындагы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы 20.12.2012 жылы № 557 бұйрығына өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 ж. № 195 бұйрығы, мектепке дейінгі тәрбие мен окытудың үлгілік оқу багдарламасына ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 12.08.2016 жылгы № 499 бұйрығына (ҚР БҒМ 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығына) қосымша сәйкес ұйымдастырылды.
Балабақшада халық педагогикасы элементтері ұлттық тәрбие мен жүйелі түрде кеңінен пайдаланады. Халқымыздың ауыз әдебиетін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін жаңғырта отырып, имандылық, әдептілік, елін, жерін сүю, ата-ананы сыйлау т.б халқымызға тән адамгершілікке тәрбиелеу барысында жұмыс жүргізіледі. Балалардың ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамыту үшін психологиялық тренингтер, релаксация, жобалау, әңгімелесу әдістері колданылады. Оқу-тәрбие жұмыстарын жеке және дербес жұмыстар, интерактивті оқыту шараларын пайдаланып отырамыз. Балалар үшін оқулықтар, дидактикалык құралдар жеткілікті. Дамытушы ойындар, дидактикалық, мазмұнды-рөлдік ойындар, қимылды, ұлттық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын, шығармашылығын дамытамыз.
Мектепке дейінгі ұжымда экологиялық микроклимат құру үшін көгалдандырылып, гүлді алаңқайлар, бұталар, ағаштар отырғызылған. Балабақшаның медициналық бөлмесі керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қызмет көрсету сапасы жоғары дәрежеде бала тазалық - гигиеналық тәртіп сақтау жолы өте жақсы жолға қойылған. Күн тәртібі және балалардың тамақтану барысы үнемі сақталған. Жұқпалы аурулардан сақтану, болдырмау шаралары және сауықтыру-шынықтыру жұмысы жоспарлы түрде жүргізіліледі. Балаларға оксолин майын мұрынға жағу, дәрумендер мен жеміс-жидек шырындарын беру үнемі жүргізіліп тұрады. Жыл бойы «С» витамині тағамға қосылып беріледі. Балабақша медбикесі шынығу жұмыстары бойынша бақылау жүргізіп, ата-аналарға пайдалы кеңестер беріліп тұрады. Балабақша қызметкерлерін үнемі, уақытылы медициналық тексеруден өткізіп отырады








