05
қазан
2025
Мектеппен сабақтастық

Сабақтастық – үздіксіз білім берудің алтын көпірі!
Ауданымызда өтіп жатқан «Ұстаздарға тағзым» атты челлендж аясында және де № 129 мектеппен сабақтастық барысында бүлдіршіндерімізбен бірге аталған білім ордасына арнайы барып қайттық.
Мақсатымыз – балаларды мектеп өмірімен таныстырып, алдағы білім баспалдағына дайындау. Бүлдіршіндеріміз мектеп ішін аралап, мектеп өмірінің қызықты тұстарын көріп ұстаздармен танысып,оқушылардан сыйлық алып ерекше әсерге бөленді. Бұл – олар үшін үлкен өмірге жасалған алғашқы қадам!
Сапар барысында мектеп ұжымын Ұстаздар күні мерекесімен құттықтап, құрметіміз бен алғысымызды білдірдік. Ұлағатты ұстаздарымызға шығармашылық табыс пен сарқылмас шабыт тілейміз!
Осындай өзара ынтымақтастық – баланың жаңа ортаға бейімделуін жеңілдетіп, болашаққа нық қадам жасауына үлкен септігін тигізеді.
https://www.instagram.com/reel/DPTtAIZDH7o/?igsh=MXY5amI5d2x3NHk1Yg==