Семинар : Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтарды ойындар арқылы дамыту/асық, бестемше
Семинар
ТАҚЫРЫБЫ:
Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтарды ойындар арқылы дамыту/асық, бестемше
Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтына тәрбиелеуде басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса да балаларда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға тән осы мүмкінділікті пайдалана отырып, олардың салаутты өмір салтының дұрыс қалыптасуына ұтымды құрал ретінде ұлттық ойындарды қолдану қажеттілігі туындады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегенініз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай... Ұлттық салтдәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деп ұлттық құндылықтарымызды үнемі дәріптеп отыру қажеттігін ерекше атап өткен [1]. Осы орайда ұлттық ойындарды басты құрал ретінде қарастыра отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуге баса назар аудардық. Салауатты өмір салты - адамның өмір сүруі үшін қажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл, зерделілігін, парасат, байсалдылығын, сабырлы санасезімін, жалпы адамның рухани деңгейін көрсететін мінез-құлық нормасы мен өмір сүру тәсілінің жүйесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ісәрекеті ойын болғандықтан ойын арқылы балаларды денсаулықтарын нығайтуға тәрбиелеудің маңызы зор. «Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу» тақырыбында эксперименттік алаң жұмысы үш жыл бойына балабақшаның тәжірибесіне енгізіліп, оң нәтижесін көрсетті. Эксперименттік алаң барысында балалардың денсаулығы мен жан саулығын нығайтуда оқу қызметінің вариативтік компонентіне, серуен кезінде, сергіту сәттерінде ұлттық ойындарды балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып қолданумен бірге, «Қазақша күрес», асық ойындарынан үйірме арқылы жүзеге асырып отырдық. «Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу» бойынша эксперименттік жұмыста балалардың іскерліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін бақылау критерилері арқылы анықталып отырды. Орта және ересек топтарға арналған бақылау критерилері көрсетілді. Балалардың ұлттық ойындарды меңгеруі, ойнау қабілеті, қимыл белсенділіктері төмен, орта жоғары деңгейде қарастырылды. Бақылау критерилері 5-қосымша көрсетілді. Ұлттық ойындарды тәрбие мен оқыту процесінде қолдану нәтижесінде: - Балалардың көңіл-күйі көтеріледі; - денесі қимылдап, бойы сергиді, миы тынығады; - қимыл белсенділіктері артады; - қарым-қатынас жасау мәдениеті қалыптасады; - ептілік, шыдамдылық, икемділік, мергендік т.б. қасиеттері қалыптасады; 3 - қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиял т.б. танымдық қабілеттері дамиды, қол, саусақ бұлшық еттері жетіледі; - Ұлттық ойын арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді; - көпшілік ортада өз өнерін көрсетуді, насихаттауды үйренеді; - ұйымшылдыққа үйренеді; - ата-аналар да ұлттық ойындардың бала денсаулығын нығайтудағы маңызымен танысады; - педагогтер, ата-аналар ұлттық ойындардың шығу тарихын зерттей отырып, бала денсаулығын сақтауда қолдану тәсілдерін меңгереді. Ойын баланың денесін, тұлғасын жетілдіріп, дамытып, қоймай, ақылойын, ұлттық рухын, сана-сезімін, намысында қалыптастыратын тәрбие құралы. Ойын ойнамаған бала әлжуаз, қорқақ, өз күшіне сенімсіз, бос кеуде, қиыншылыққа мойығыш болып өседі. Сондықтан ұлттық ойындарды салауатты өмір салтын қалыптастыруда баланың денсаулығы мен психологиялық саулығын жетілдірудің негізгі құралы ретінде қарастыру көзделді. Әдістемелік ұсынымдар кіріспеден екі бөлімнен қорытындыдан және әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде ұлттық ойындарды қолданудың мазмұны қарастырылса, екінші бөлімде Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде ұлттық ойын арқылы мектеп жасына дейінгі бағыттарында серуен кезінде, ұйымдастырылған оқу қызметінде, балабқшада ойын-сауықтарда қолдану әдістері тәжірибемен ұштастырыла отырып ұсынылды. №48 «Ақ көгершін» балабақшасында «Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу» эксперименттік алаң жұмысы бойынша 2019-2022 жылдар аралығында жинақталған тәжірибе негізінде осы әдістемелік ұсынымдар құрастырылған. 4 І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАЗМҰНЫ 1.1. Ұлттық ойындардың балалардың дене дамуы мен психологиялық дамуына әсері Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден — дені сау адам, екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады. Салауатты өмір салтының балалар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Салауатты өмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді. Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді: 1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады. 2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады. 3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі. Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады. Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: аурып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау (оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі); көңіл күйдің жылдам ауытқуы, ауаның, судың бұзылуы және тұрмыс химиялық заттарын орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде бірінші қатарда қимыл-қозғалыстың аздығы. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру т.б. қимыл-қозғалыстарға бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ұлттық ойындар - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын 5 ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы. Ұлттық ойындар - ойын әрекеттері мәдениеттің жай ғана бір түрі емес, сонымен қатар балалар мен болашақ ұрпақты тәрбиелеудің аса тиімді құралы болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық тәрбиенің міндеті ата- бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап, халықтық педагогиканың асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруге баса көңіл бөлінеді. Баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол. «Бала ойынмен өседі» деген өмірлік қорытынды жасап, бала тәрбиесіне тілек етті. «Балалармен ойнайды, Ойнап жүріп ол бала, Кеудеде ақыл оймайды» - деген өлең жолдары да осының дәлелі. Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, жерін, даму сатысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей отырып, яғни адамгершілік қасиеттері де қалыптастырылады. Басқа ойындар сияқты қазақтың ұлттық ойындар тәртібін бұлжытпай орындауы баланың ойын барысында тәртіп сақтауы, баланы осы кезден бастап тәртіпке, әділдікке, жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, өжет болуға тәрбиелейтін тәрбие көзі екендігін дәлелдейді. Ғалым Ж.Аймауытұлы әр жастағы балалардың өзіндік ерекшелігі болатынын, оларға қоршаған орта туралы жиі түсінік беріп тұрудың маңызды екендігін көрсетеді [2]. Бұдан біз баланың психикалық дамуы жетіле түскен сайын оқу-тәрбие жұмыстары барысында танымы да қалыптаса түсетінін, яғни бала заттар мен құбылыстар туралы түйсініп, қабылдап, көріп, білгендерін ой елегінен өткізіп, қорытынды жасауға дағдылана түсетінін тәжірибемізде байқаймыз. Н.Құлжанова еңбегінде мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерінің байланысы анықталып, бала танымының қалыптасуына көңіл бөлген [3]. С.Қалиұлы еңбегінде этнопсихология терминіне «Этнопсихология – халықтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі мен салттарындағы ұлттық сана сезімін, өмірге деген көзқарасын, өзіндік ойлау ерекшеліктерін зерттейтін ғылым» деген анықтама бере отырып, ұлттық психологияның ерекшеліктері салт-дәстүрлерден, әдет-ғұрыптардан көрініс табатынын, ұлттың ұлт болып қалыптасуыда маңызы зор екендігін көрсеткен. Сонымен бірге ғалым ұлттық психологияның құрылымын үш бағытта қарастырған: ұлттық сана-сезім, салтдәстүрлер және ұлттық мінез-құлық [4, 49 б.]. Ұлттық психологияның күрделі элементтерінің бірі – ұлттық сана-сезім. Белгілі ғалым М.Мидтің пайымдауынша әр этностың мәдени мұралары ұрпақ болашағы үшін айрықша орны бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеген [5.]. Мектеп жасына дейінгі балалардың көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері түйсіктері жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі ұйымдастырылған ісшаралар негізінде жетілдіріп отырамыз. Мысалы, баланың иіс түйсігін 6 дамытуда ұлттық тағамдардың, жемістердің иістерін иіскеу арқылы ажырату арқылы, дәм түйсігін тағамдардың дәмін тату арқылы ажырата білуге үйретеміз. Тері түйсігін дамытуда заттарды сипап көру арқылы тануға көңіл бөлеміз. Баланың тері түйсігін дамыта отырып, дене және қол саусақтарының ірі және ұсақ бұлшық еттерін жетілдіреміз. Бұл баланың дене және психологиялық жағынан дамуына көмектесетінің ерекше ықпал ететіні анықталған. Ә.Диваев ұлттық ойындарды жан-жақты зерттей келіп, қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне қарай ойындарды бір жасқа дейінгі нәресте, бір жастан жеті жасқа дейін сәби, сегіз жастан он бес жасқа дейін жас өспірім, он алтыдан жиырма беске дейін жігіт жаста ойналатын ойындар - деп төрт топқа бөліп қарастырды [6]. Ұлттық ойындар түрлі себептерге байланысты пайда болып отырған. Мәселен, «Аңшылар», «Марламкөш» ойындарында аңды жан-жақты қоршап аулау, топталып іздеу, жасырыну, қуу, қалай қолға түсіру анық бой көрсетсе, «Даусынан біл», «Шұқыма» ойындарының далада із кесу, түрлі дыбысты ажырата білу мақсатында пайда болғандығы байқалады. Ойындардың енді бір тобы көшпелі тайпалардың өзара қақтығыстарын, жаугершілік дәуірінің бітімін, рулық қауымның жол-жорағысын өзінше қайталайды. Олардың қатарына «Жамбы ату», «Теңге ілу». «Тұтқын алу», «Қамалды қорғау», «Батыр», «Қыз қуу», «Ат үстіндегі тартыс», «Итеріспек» сияқты іс-әрекет ойындарын жатқызуға болады. Балаларды ептілікке, тапқырлыққа баулитын, отырып та, қозғалып та, жүріп те ойнайтын түрлері аса мол. Мәселен. «Үй артында қолағаш», «Соқыр теке», «Ұшты-ұшты», «Тымпи-тымпи», «Ақ серек, көк серек» сияқты ойындар да сөз, кейде іс-әрекетке жетекші, ал кейде қосалқы қызмет атқарады. Ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып, балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде ұлттық ойындарды төмендегі бағыт бойынша тәрбие мен оқыту жұмыстарында қолдандық. ойналатын ойындар Спорттық ойындар Қимыл-қозғалыс ойындары Қазақтың ұлттық ойындары Ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындар Әуендік ойындар Табиғи материалдармен ойнайтын ойындар 7 Хайуанаттар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар Сурет 1 - Ұлттық ойындар негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу бағыты Қимыл-қозғалыс ойындары, мысалы «Асық ату», «Ханталапай»,«Ләңгі», «Тоқ-тоқ»,«Шыт тастау», «Бес тас», «Соқыр теке» қазақ халқының ежелгі ұлттық ойындары бала денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, дер кезінде тез ойланып, тиімді амал, ақылды шешім, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақтың ұлттық ойындары адам ағзасы үшін өте маңызды бағасы жоқ сауықтыру, денсаулықты нығайту, салаутты өмір салтын қалыптастырудың бірі. Ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындар: «Кім сені түртті?», «Даусынан таны», «Бұғынай», «Біз де», «Жаңылма», «Ұшты-ұшты» т.б. ұлттық ойындарды ойнау барысында балалардың жылдам ой қорытып, заттар мен құбылыстарды қасиеттеріне қарай ажырата білу дағдыларын жетілдіре отырып, бала дүниетанымының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сөзбен ойналатын ойындар: «Сен тұр, сен шық!», «Құстар қалай үн қатады?», «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Сөз табу», «Асау мәстек», «Көги-көк» т.б. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар іс-әрекеттер арқылы сипатталатындықтан, балаларда заттардың қасиеттері жөнінде түсініктері шыңдалады. Мәселен, асық ойындарында малдың асығын, «Бес тас» ойынында табиғи тастарды, «Арқан тартыс» немесе «Арынды арқан» ойынында арқанды т.б. заттар қолданылады. Қимыл-қозғалыс ойындар мен спорттық ойындар: «Орамал тастау», «Айгөлек», «Тұтқын алу», «Қамалды қорғау», «Күзетші», «Теңге алу», «Тауық күрес», «Жаяу көкпар», «Ат жарысы», «Жамбы ату» т.б. ойындарды ойнау барысында балалардың батылдық, өжеттік, алғырлық, шыдамдылық, тапқырлық қасиеттері жетіле түседі. Хайуанаттар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар: «Көк сиыр», «Ақ байпақ», «Аңшылар», «Аш қасқыр», «Қасқұлақ», «Етек-етек» т.б. ойындарды ойнау барысында бала хайуанаттардың, төрт түлік малдың және олардың төлдерінің сыртқы сипатын, құлықтарын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді. Ұлттық ойындарды оқу қызметі кезінде ғана емес серуенді ұйымдастыруда қолдану аса маңызды. Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтылары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық-Көк сандық» ойыны баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене 8 сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді. Спорттық ойындарды ол көбінесе физикалық тәрбие беруде қолданды. Оның ойынша спорттық және атпен ойналатын ойындар ерлерге әскери қатал мінез, күштерін жетілдіруге, өздерін қозғалыста ұстауға, қырағылыққа, байқағыштыққа тәрбиелейді. Қазақ халқының ұлттық ойындары педагогикалық тұрғыдан жинағы «Ақ сандық, көк сандық», «Қазақтың ұлттық ойындары», «Жаңылтпаштар» т.б. көрініс тапты. Бұларда қазақ халқының түрлі өнері көрініс беретін ойын түрлері жинақталған. Ең бастысы ұлттық ойындар арқылы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын баланың сана-сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адами құндылықтарды ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығы мен тән сұлулығын жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Ұлттық ойындарды қолданудағы негізгі мақсатымыз балалардың денсаулығын нығайту, денені шынықтыру; мәдениетін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру. Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері: - қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру; - қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру; - денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін қызығушылығын қалыптастырып дамыту. балаларға меңгерту; Оқу қызметінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру мен оқытуда қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды таңдау тәрбиешінің өз еркінде болады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимылқозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарымқатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын және қабілеттерін жетілдіреді. Ойын кезінде бала өзінің назарын қимылды орындау 9 әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ойынның бала өмірінде алар маңызы ерекше. Баланың ойынға деген қажеттілігі мектепте оқып жүрген алғашқы жылдарда да сақталып қалады. Ойындар жалпы ойлау үдерісінің икемділігін, зейінін, қабылдауын, логикасын, қиял ұшқырлығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ойын кезінде балалар шешімді өздігінен шығаруға үйренеді. Өмір құбылыстары жөнінде таным түсініктері кеңейеді. Бала үн-түнсіз ойнамайды. Ойын барысында қарым-қатынас негізгі рөл атқарады. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі – бала денсаулығы. Республика көлемі бойынша статистикалық мәліметтерге қарағанда мектеп жасына дейінгі жас балалардың 85%-ке дейін әр түрлі аурулардың белгілері кездеседі. Сондықтан соңғы жылдары мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие процесінде балалардың психикалық дамуы мен тәрбиеленуіне, денсаулығын нығайтуға, олардың салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыруға ерекше мән берілуде. 1.2 Мектепке дейінгі балалардың салауатты өмір салтына тәрбиелеуде ұлттық ойындарды қолдану әдістері Ұлттық ойын ойнау баланың қимыл-қозғаластарын жетілдіруменг бірге, өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылыктарын қалыптас-тырады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер: өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады. Ұлттық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бір қатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс: - - - тәрбиеші ұлттық ойындардың дидактикалық мәнін жете түсіну; дидактикалық мақсатта қолданылатын ұлттық ойындарды; балалардың жас ерекшеліктері және қызығушылығына байланысты; іріктей білу; - - - - - ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу; барлық ойындардың негізгі мақсатын анықтап алу; ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау; ойын барысында ережені сақтауды алдын-ала даярлау; қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру. Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің біліктерін қалыптастыру, бейнелік және логикалық ойлауды дамыту мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптарының бірі ойынды және ойынның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады. 10 Ойынды ұйымдастыруда ойынға қатысушыларды қажетті құралжабдықтармен қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл – тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар т.с.с. болуы мүмкін. Ойынның құралдарына қойылатын талаптар ойынның мақсаты және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат (ойыншықтар, материалдар т.с.с) тәрбиеленушілерге жақсы таныс болу керек. Ұлттық ойындарды дидактикалық мақсатта пайдалану педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты: 1. Ойынның сабақтың дидиактикалық мақсатына сәйкестілігі. 2. Ойынның мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі. 3. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық ұстанымы. 4. Ойын балаларға түсінікті және тартымды болуы. 5. Ойынның эмоционалды болуы. Осы шарттарды ойынды ұйымдастыруда жүзеге асыру үшін мынадай талаптарды есепке алу керек. - ойынға қажетті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып қойылуы тиіс; - ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі тәрбиеленушілерге әбден түсіндірілуі қажет; топтағы балалардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек; - оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуге жетелеу керек. Балабақшаның тәрбие мен оқыту жұмыстарында қазақтың ұлттық ойындарының төрт тобы да қолданылды: Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындарға асық ойындары жатады. Асық ойындарды балалардың жан-жақты дамуына тигізер әсері мол. Ата-аналарға асық ойындарының баланың саусақ бұлшық еттерін дамытуда, есте сақтау, зейін, ойлау қабілеттерін дамытудағы маңызын түсіндірілді. Малдың асығынан құрылған ойындарға «Ханталапай», «Құмар» «Қақпақыл», «Қаржу» немесе «Қаржымақ», «Сасыр», «Төрт асық», «Асық шерту» ұлттық ойындары жатады. Табиғи тастар ойынына «Бес тас» ойыны, мал терісінен жасалып, ойналатын ойынға «Ләңгі» ойыны жатады. Балабақшада ата-аналармен асық жинау акциясы жүргізілді. Ата-аналар асықтарды жинай отырып, оларды түрлі-түсті бояулармен бояды. Әр ата-ана асық жинау акциясында ерекше белсеніділ танытты. Ата-аналар арасында асық ойындарынан сайыстар ұйымдастырлды. «Хан талапай» «Асық ату» ойындарын ережелері атааналарға түсіндірілді. Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын болғандықтан аналар қатысты. Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі. Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек. Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады. Себебі, хан алшы түссе, барлығы 11 тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы тиіс. Хан кімнің қолында кетсе, келесі үйірі кезегі соған беріледі екен, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып, кенейлер бір-біріне тигізбей ойнау арқылы ұпай жинайды. Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе немесе бөгде асықты қозғап қалса да, ойынның бұзылғаны. Онда кезек келесі ойыншыға беріледі. Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге болмайды. Ойынның соңына дейін ханға бірде-бір асық тимеуі керек. Себебі ол – хан. Ата-аналар асық ойындарын ерекше қызығушылықпен ойнады. Ұлттық ойындарды оқыту процесіне сәйкес таңдап алу, оларды дұрыс өткізу мен ұйымдастыру – оның табысты болуының шешуші шарты. Ойынды оқу әрекеттеріне еңгізу біріншіден, сабақта қолайлы жағдайдың болуы, екіншіден тәрбиешінің шеберлігін, үшіншіден, балалардың психологиялық көңіл-күйінің болуын талап етеді. Қимыл-қозғалысты ойындары балалардың дене қимылын арттыруда маңызы зор. Ата-аналармен ұйымдастырылатын кейібір іс-шаралар ұлттық ойындар желісінде өткізілді. «Арқан тартыс» ойыны арқылы әр ата-ана арқан тартқан сайын баласының жағымды қылықтарын атап отырды. Ұлттық ойын арқылы Қимыл-қозғалыс ұлттық ойындар арқылы ата-аналар ұлттық ойындармен таныса отырып, бала дамуына әсері түсіндірілді. «Аударыспақ», «Арқан тарту» ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерікжігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Сөзбен ойналатын ұлттық ойындар: «Айгөлек», «Ақсерек-көксерек» «Бұғынай», «Даусынан таны» т.б. ұлттық ойындар балалардың сөзік қордарын дамытумен бірге қимыл белсенідіктерін арттырады. Сөзбен ойналатын ойындардың бірі Ақшамшық» - қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны халық арасында «Сақина салу», «Сақина тастау» деп те айтады. Аталған ойынды ата-аналармен ойнау барысында да ерекше қызығушылық танытты. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бір ойыншыны шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша ойыншылар дөңгелене отырып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізуші алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол адамдардың барлығының алақанына сақина салған болып шығады да дауыстап: «Тұр сақинам, тұр» деп немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам «Сақина менде!» деп орнынан тез тұруы керек. Оны көршісі ұстай алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. «Теңге алу» - жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу - үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені қажет етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. «Қыз қуу» - бұл ұлттық ат спорты ойыны. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюі керек. 12 «Көкпар» - ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі қазақ көк бөріні соғып алғанда, өлігін ат үстінде сүйреп, бірінен бірі ала қашып, өздерінше ойынның бір түрін ойлап тапқан. Уақыт өте келе көкпар ұлттық ойынға айналған. «Ақ сандық, көк сандық». Екі-екіден балалар теріс қарап тұрып, қолдарын айқастырып бір-бірін көтереді. «Даусымнан біл». Балалар шеңбер болып тұрады да, шеңбердің ортасына бір адамды көзін байлап қойып, дыбыс шығарған адамды табу керек. Ойын балаларының қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін, елестету, ес, ықыласын, тілін) белсендіреді. Ойын ерікті түрде құрылады. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды. Ойын барысында балалар қанағаттанарлық, қуаныш алады. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға білім мен тәрбие беру мәселесіне қатысты қазақтың ұлттық ойындарын қолдану бағыттары: - танымдық яғни, білім беру; - дене шынықтыру; - арнайы ойын ойнатып оны ұйымдастыру кезінде; - сергіту сәттерінде. Балаға бір ойынның алдына қоятын мақсаттары айтыла отырып, ойын ережесі түсіндіріледі.Сондай-ақ пайдаланылатын құрал жабдықтар айтылады. Халық ойындары қарапайым заттар мен ойнала береді. Олай болса дидактикалық құралдарын даярлау онша күрделі емес, оны әрбір тәрбиеші дайындай алады. Ойын таным әдістері мен бірге іскерлікке, тапқырлыққа, жігерлікке, белсенділікке, әділдікке тәрбиелеу мен бірге санауға, өлшеуге, топтауға, біріктіруге т.б үйретеді. Ойынға баланың қызығушылығын туғызу үшін ойынды өмірмен ұштастыра отырып, оның керектігін сезінетіндей етіп таңдап алу қажет. Ұлттық ойындарды оқыту мен тәрбие құралы ретінде пайдалануда төмендегі талаптарды ескерген жөн: - Тәрбиеші ұлттық ойындардың бірнеше түрін білуі; - Ұлттық ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу; - Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап білу; - Ойын ережесін жете білу балаларға түсінікті етіп жеткізу; - Ойын барысында ереженің сақталуын қадағалау; - Ойынға қажетті құралдарды даярлау. Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни үш кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек: ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс; ойынның басталуы мен ойналу барысы; ойынның аяқталуы. Дене шынықтыру оқу қызметі мазмұны негізінен қимылды ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың 13 ептілік, шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл-ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бірбірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі. Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала: – көңілді болып жақсы демалады; – денесі қимылдап, бойы сергиді, миы тынығады; – ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді. Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты: – ұлттық ойындарды дене шынықтыру, оқу қызметтерінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру; – қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу; – жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында немесе оқу қызметінен тыс уақытта баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы. Халықтың ұлттық ойындары - жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі және дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты. «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек», «Теңге алу» т.б. ойындарды балаалр ерекше қызығушылықпен ойнайды. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез - құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойындардың ішінде қимыл-қозғалыспен қатар, жан-жануарлардың даусын, төлдерін, іс-әрекетін дұрыс айтуға дағдыландыратын «Қалай айтуды білемін», түрлі сөйлем құрастыруға тәсілдендіретін «Егер», айтылған сөзді есте сақтауға машықтандыратын «Хабаршы», сөз бен сөйлемнің мазмұнына дұрыс мән беруге үйрететін «Біз де», «Ұшты-ұшты», бірден сөз табуды қажет ететін «Орамал табу» ойындарының тілді жетілдіруде маңызы зор. Мысалы, «Асау мәстек» ойындары өте көңілді әнмен орындалады т.б. Екі таяқшаға 50-70 см биіктікте тартылған арқанның үстіне бір бала отырып, жердегі таяқшаны алу керек. Егер ала алмаса, ән немесе тақпақ, би билеп беруі керек. Бұл ойындар балаларды шапшаңдылыққа үйретеді және музыкалық шығармашылығын дамытады. «Қалай айтуды білемін» мынадай сұрақтарды қамтиды: - Кім қалай дауыстай біледі? - Малды қалай шақыруды салайық, 14 - Малдың төлдеуін қалай айтады? - Малды суға кім шақыра алады? Жүргізушінің сұрақтарына ойынға қатысушылар әр жануардың дыбысын дыбыстайды. Бұл ойында байқампаздық қажет. Ойын кішкентай театрдың сахнасын қажетсінеді. «Аңдардың айтысы» ойынында қатысушылар жүргізушінің айтқанын қайталайды, сол жүргізушіге еліктейді. Бұл ойында жануарлар әлемін өте жақсы білу керек. Мысалы, жүргізуші иттің үргенін көрсетсе, қатысушылар соны тура солай қайталау керек. Бұндай ойындар ұлттық педагогикада өте көп және олардың бәрі қызықты болып келеді. Балалар ойын кезінде басқа рөлге кіріп ойнайды. Мысалы, «Қоғи көк» ойынында балалар дөңгеленіп тұрып, қаздың даусын салу керек және қаздың қимылын салады. Мұнда есте сақтау қабілеттері жақсы дамиды. Осындай ойындарға: «Орамал жасырмақ», «Хан ойнау» жатады. Ұлттық ойындарда көптеген әзіл-оспақтар, жарыстар, санамақтар көп. Олар бағалы және құнды ойын фольклорын сақтайды. Ұлттық ойындар - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы. Халықтың ұлттық ойындары - жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі және дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты. Ойын - дене қозғалысы, шыныққан денесінің шеберлігі, көңіл көтеру, дем алу, бас қосып бірлесіп әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Мектеп оқушыларына дене күшін, қозғалыс дағдыларын дамытуға байланысты ұлттық ойындар түрлері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай ары қарай дамытуды қажет етеді. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамыту керек. Баланың ой-өрісінің жан-жақты дамуына ойын элементтерін дене тәрбиесі ұйымдастырылған оқу қызметіне аз-аздан еңгізе отырып, келесі сәтте ойлану ойындарына өтіп оқу –тәрбиелік процесінде жалғастырған жағдайда ол өз жемісін береді. 3-5 жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуында басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты. Себебі қимыл қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса да балалдарда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға тән осы мүмкіндлікті пайдалана отырып, олардың салаутты өмір салтының дұрыс қалыптасуына ұтымды құрал ретінде ұлттық ойындардан құралған қимыл-қозғалыс элементтерін оқыту процесіне енгізу қажет деп санаймыз. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті екені белгілі. Ойынға балалардың барлығын қатыстыру және балалардың ой-өрісін кеңейту мақсатында ойынға шақыру өлеңдерін қолдану бала танымын кеңейте түсті. 15 Ойынға шақыру жырларын ойын басталар алдында ойын жүргізуші немесе ойыншылар ойынға қатысқысы келмей отырған балаларға арнап жеке де, хормен де айтуға болады. Кейбір ойынға шақыру жырларына баланың атын қосып сыпайы түрде айту арқылы балалардың ойынға деген қызығушылығын туғыздық. Ойынға шақыру өлеңдері де, балалардың тілдерін дамытып, қызығушылықтарын арттырумен бірге, өлең мазмұнында айтылған ой - таным қабілеттерін жетілдіруге септігін тигізді. Құстар қалай үн қатады?» ұлттық ойыны арқылы әр құстың өздіне тән ерекшеліктерін үнтаспадан үнін тыңдау арқылы және бейнетаспадан көрсету арқылы таныса отырып, құстардың дыбыстарын тыңдай отырып, қандай құс екенін ажыратуды үйренді. Мысалы, бозторғай шырылдайды, бұлбұл сайрайды, көгершін уілдейді, көкек көкектейді, тауық қыт-қыттайды, торғай шиқылдайды т.б. және құстардың өзіне тән ерекшеліктері жөнінде білімдері беки түсті. Мысалы, тоқылдақ – орман дәрігері, бұлбұл – әнші құс, көгершін – бейбітшілік құсы, бүркіт – қыран құс, көкек – өз атын өзі шақыратын құс т.б. «Асау мәстек» ойынында балалармен бірге «Асау мәстек» құрдық. Ол үшін арасы екі-үш қадамдай бағанаға 45-50 см биіктікте арқан байланып, үстіне көрпеше салынады. Балаларға асау мәстек кішкентай жылқының бір түрі екенін түсіндірілді. Ойын жүргізуші балаларды ойынға өлең айта отырып шақырады. Өзінің ептілігін сынағысы келген ойыншы ортаға шығады. Ойынға шыққан бала таяқшаның көмегімен «Асау мәстекке» мініп тұрып, таяқпен тақияны жерден іліп алып, жоғары көтеруі керек. Орындай алмаса айып тартады: қораз болып шақырады, түйе болып боздайды немесе ешкі сияқты маңырайды т.б. Хайуанаттар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындардың бірі – «Аңшылар». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылардың бір тобы аңдар – шеңбердің ішінде қалады. Екінші тобы аңшылар – шеңбер бойымен қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар үйректі қолдарындағы доптармен атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойналады. Берілген уақыт өткеннен кейін аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында көп үйрек атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептеледі. Ал, «Ит пен қоян» ойынында балалардың арасынан қаламақ арқылы бір ойыншы “ит” рөлінде тағайындалады. Қалған ойыншылардың бәрі қоян болады. Екі-үш қадам қашықтықтан ит қояндарды қуа жөнеледі. Оның ұстаған ойыншылары итке айналады. Сөйтіп барлық қояндар итке айналғанша ойын жалғаса береді. «Қасқұлақ» ойынында ойыншылардың ішінен күзетші және қасқырды сайлайды. Қасқырдың басына ақ орамал байланады. Қалған ойыншылар қой болады да жан-жаққа бытырап, тығылады. Қасқыр да күзетшінің көзіне түспес үшін, ұзап барып тығылады. Қойлар әбден жайғасып тығылғаннан кейін, күзетші қойларды күзетуге кіріседі. Күзетшінің мақсаты – қойды күзету, қасқырдың мақсаты – күзетшінің көзін ала беріп қой ұрлау. Сөйтіп күзетші мен қасқыр бір-бірін аңдумен болады. Қойдың жатқан жерлерін екеуі де білмейді. Себебі, қойлар тығылғанда екеуі де теріс қарап тұрады. Ойын шарты 16 бойынша қасқыр күзетшінің көзіне түспей келіп қойды ұстаса, қой қашпау керек. Ондай жағдайда екеуі күзетшіге келіп, орындарын алмасады. Ал, күзетші қасқырды қуалап, қойды аман алып қалса, қасқырдан құтылған қой күзетші болады. Қасқыр мен күзетші арасында болып жатқан өзгерісті күзетші қатты дауыстап басқаларға жеткізіп тұрады. Сонымен қатар, балалардың таным-түсінігіне қарай ықшамдалып алынған «Күн мен түн» ойынында тәулік мезгілдері туралы ұғымдары беки түссе, «Ақ байпақ», «Көк сиыр», «Асау мәстек», «Аш қасқыр», «Ит пен қоян», «Қасқұлақ» ойындарында жануарлар туралы білімдері кеңейе түсті. Жоғарыда сөз болған ойындар арқылы балалар төрт түлік, хайуанаттар жайында, аңшылық кәсіп туралы білімдері шыңдала түсті. Қырағылық, батылдық, ептілік қасиеттері қалыптасты. Әуендік ұлттық ойындар арқылы балалардың ұлттық өнер туаралы түсініктері, табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар арқылы қоршаған орта жайында түсініктері, қимылқозғалыс ойындары арқылы қимыл-қозғалыстары жетіліп, дүниетанымдары кеңейе түсті. Қорыта келе қазақтың ұлттық ойындары мектепке дейінгі балалардың денесін шынықтырып, оның рухани қалыптастыру негізін құрайтын, салаутты өмір салтын қалыптастыруда маңызды құралдардың бірі екендігіне көз жеткізуге болады.Балаларға дәстүрлі ұлттық ойындарды үйрету арқылы жас ұрпақтың денсаулығын реттеу, салауатты өмір сүруге жағдай жасау осы күнгі заман талабы. 17 ІІ. БАЛАЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДЫ ҚОЛДАНУ БАҒЫТТАРЫ 2.1. Ұлттық ойындарды серуен кезінде қолдану Серуен - мектепке дейінгі ұйымдарда бала әрекетін ұйымдастырудағы күн тәртібіндегі сәттердің негізгі бөлігі. Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын – алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде ағзада болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру. Балабақша балалары үшін серуеннің аса маңызды. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері күннің бірінші және екінші жартысындағы серуенді ұйымдастыруда қателіктерге бой алдырып жатады. Осы тұрғыдан мектепке дейінгі серуенді өткізу тұрғысынан тақырып өзекті. Бала саулығын нығайтуда ұлттық ойындарды Төменде мектепалды даярлық топтрында серуенді ұйымдастыруда ұлттық ойындарды қолдану үлгілерін ұсынып отырмыз. 1. Бақылау. Күнді бақылау. Мақсаты: күн энергиясының адамдар, өсімдіктер және жануарлар өміріне әсері туралы білімдерін бекіту. Еңбекке баулу. Ойын алаңы айналасындағы жолдарды тазалауға аула тазалаушыға көмектесу. Мақсаты: үлкендерге көмектесуге деген ынталарын дамыту. Қимылды ұлттық ойын: «Аңшылар» Мақсаты: Ұлттық ойынмен танстыра отырып, балаларды шапшандық, мергендік, ептілік қасиеттерін жетілдіру. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылардың бір тобы үйректер - шеңбердің ішінде қалады. Екінші тобы аңшылар - шеңбер бойымен қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар үйректі қолдарындағы доптармен атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойналады. Берілген уақыт өткеннен кейін аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында көп үйрек атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептеледі. Баламен жеке жұмыстар. Ұлттық ойындардың мазмұнын түсініп игермеген балаларға ойын мазмұнын түсіндіру. Балалардың өз бетінше әрекеті. Үйренген ұлттық ойындарын өз бетінше ойнауды ұсыну. 2. Бақылау. Қардың еруін бақылау. Мақсаты: Табиғаттағы өзара байланысты көре білуге үйрету. Еңбекке баулу. Тәрбиешімен бірге ауладағы сынған ағаш бұталарын шығару. Мақсаты: Сынған бұталарды ғана жинауға болатынын түсіндіру. Аулада тазалық сақтауға тәрбиелеу. 18 Қимылды ұлттық ойын: «Аш қасқыр» Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын туралы түсініктерін кеңейту. Қимылқозғалыс белсенділіктерін қалыптастыру. Ойынға 10-15 адам қатысуға болады. Ойнаушылардың арасынан біреуі аш қасқыр болып сайланады. Ойнаушылар - қойлар аш қасқырға жеткізбей қашып, жүгірулері керек. Қай ойыншыға болсын аш қасқырдың қолы тисе, ол аш қасқырға айналады да, өзі ойыншыларды қуа жөнеледі. Осылайша «аш қасқыр» ролі ауысып отырады. Баламен жеке жұмыстар. Ұлттық ойындардың мазмұнын түсініп игермеген балаларға ойын мазмұнын түсіндіру. Балалардың өз бетінше әрекеті. Үйренген ұлттық ойындарын өз бетінше ойнауды ұсыну. 3. Бақылау. Ағаштарды бақылау. Мақсаты: Балабақшаның ауласыңда өсіп тұрған ағаштарды жапырақтары бойынша танып, атын атай білу. Табиғат байлығы ағаштарға қамқор болуға, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Еңбекке баулу. ағаштар түбінің топырағын қопсыту. Мақсаты: балаларға ағаш түптерін не үшін қопсыту керектігін түсіндіру, ағаштарды күтуге тәрбиелеу. Қимылды ұлттық ойын: «Үлек пен тайлақ» Мақсаты: Балаларды түйе атаулары -үлек және тайлақпен таныстыру. Ұйымшылдыққа, шапшаң және шыдамды болуға үйрету. Үлек - сыңар өркеш түйенің (аруананың) ұрпағы. Тайлақ – бір жастан асып, екі жасқа толмаған түйе. Ойын барысы: Үлек, тайлақ бетперделері керек. Балаларды шапшаң әрі шыдамды, ұйымшылдықққа үйрету. Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады. Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып, ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады. Үлек тайлақты қуып ұстап алуы керек. Дөңгелене тұрған балалар ттайлақты яғни үлектен құтқару үшін, қақпадан тайлақты шығарып діберіп үлекті шығармауға тырысады. Үлек тайлақты ұстау үшін шапшаңдық керек. Үлек тайлақты ұстап алса, ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді. Баламен жеке жұмыстар. Ұлттық ойындардың мазмұнын түсініп игермеген балаларға ойын мазмұнын түсіндіру. Балалардың өз бетінше әрекеті. Үйренген ұлттық ойындарын өз бетінше ойнауды ұсыну. 4. Бақылау. Күзгі жапырақтардың түсуін бақылау. Мақсаты: Табиғаттың мезгілге байланысты құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту. Еңбекке баулу. Алаңдағы жапырақтарды жинауға аула сыпырушыға көмектесу. Мақсаты: Бірлесе жұмыс істеуге, мақсатқа жетуге баулу. 19 Қимылды ұлттық ойын: «Түйілген орамал» Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігін кеңейте отырып, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру. қызығушылықтарын, қимыл-қозғалыстарын арттыру. Ойынға деген Ойын барысы: Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі,түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы. Баламен жеке жұмыстар. Ұлттық ойын ойнау барысында ойын ережесін түсінбеген балалармен жеке жұмыс жүргізу. Балалардың өз бетінше әрекеті. Үйренген ұлттық ойындарын өз бетінше ойнауды ұсыну. 5. Бақылау. Ауладағы құстарға бақылау жасау. Мақсаты: Ауладағы құстардың ұшуы, қонуы, оларға қамқорлық жасау жөнінде түсіндіру. Еңбекке баулу. Құстарға арнап дайын ұяларды ағашқа ілу. Әшіне құстарға дән салу. Мақсаты: Құстарға қамқорлық жасауға,бірлесе жұмыс істеуге, мақсатқа жетуге баулу. Қимылды ұлттық ойын: «Ұйқыдағы аю» Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігін шыңдай түсу. Ептілік, шапшаңдық қасиеттерін жетілдіре отырып, қимыл-қозғалыстарын артыру. Керекті құралдар: Аюдың бетпердесі. Ойын барысы: Ойыншылардың ішінен аю ролі белігленеді. Аю бетпердесін киген бала ұйықтап отырады. Балалар орманда серуендеп келе жатып, ұйқыдағы аю көреді. Аю балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп, балаларды қуа жөнеледі. Ұстап алған баланы өз мекеніне алып кетеді. Ойын қайта жалғаса береді. Баламен жеке жұмыстар. Ұлттық ойын ойнау барысында ойын ережесін түсінбеген балалармен жеке жұмыс жүргізу. Балалардың өз бетінше әрекеті. Үйренген ұлттық ойындарын өз бетінше ойнауды ұсыну.