"Жасай бер ана тілім-қазақ тілі!" » КГКП "Ясли сад №179"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№179 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 225-40-97
Әдіскер:
+7(727) 225-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жасай бер ана тілім-қазақ тілі!"
22
қыркүйек
2019

"Жасай бер ана тілім-қазақ тілі!"






Тақырыбы:     Жасай бер, ана тілім  – қазақ тілі!

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,  мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу. Мақал-мәтелдер   арқылы дүниетанымдарын, ой-өрістерін дамыту. Тілдің  бала өміріндегі құдіретін таныта отырып, ұлттық рухты   бойға сіңіру, іс-әрекетке қызығушылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:ҚР рәміздерінің суреттері, слайд , доп, фетр матасынан  жасалған  күн және оның   шуақтары, ою-өрнектер  т.б.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, Д/ойындар: «Сыңарын тап», «Кім жылдам?» т.б.

Билингвальды компонент:  ана тіл-родной   язык,  құрметтеу-уважать,ұлттық  рух- националный  дух


Іс –әрекет

кезеңдері


           Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылықк



*Шаттық  шеңберін     ұйымдастыру.

 . 

 *Балалар,сендер білсеңдер бүгінгі тақырыбымыз тіл мерекесіне арналып отыр. Cендердің ауыздарыңда не бар

? Адам не арқылы сөйлейді. Иә, дұрыс айтасың!Бірақ, сөйлеуден бұрын біз тілімізбен дәм сезеді екенбіз.

 Тамақтың тәттісін, ащшысын, қышқылын сезеді екенбіз.

  Ал тілдің екінші қызметі адамдардың бір-бірімен сөйлеуі яғни түсінісуі. Біздің жануарлардан ерекшелігіміз сол екен. Ойымызбен ойлап, тіл арқылы жеткіземіз. Адам тіл

 арқылы сөйлеп жан-жағындағы адамдармен хабар 

алмасады. Ал бүгін  тілге арналған мерекеде, атаулы күнде тіл туралы әңгіме қозғап, Отанымызда тұратын барлық халықтардың тіліне құрметпен қарап, өз тілдерінде

 сөйлеуге мүмкіндік береміз.Мереке демекші, бізде

 тілімізді сақтайтын арнайы заң бар.

  1989 жылы 22 қыркүйек күні тұңғыш  Елбасының шешімімен «Тіл туралы» заң 

қабылданды. Бұл заңда ҚР-сының  мемлекеттік тілі 

қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген . 

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті.Себебі, біздің өткен тарихымыз,салт-дәстүріміз, ақын-жазушылардың құнды мұралары бәрі-бәрі 

 тіл арқылы кешегі заманнан сендерге, яғни ұрпаққа жетті.

Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – әрбір елдің жаны. Тілге қарап ұлтты 

 тануға болады екен.Мысалы біздің ұлтымыз қандай балалар? Дұрыс айтасыңдар.Ендеше тіл туралы тереңірек білу үшін экранға назар аударыңдар!

 . Және олардың әрқайсысының 

ана тілі мен ата дәстүрі бар. Және олардың ерекшеліктері бар.Біз ол ерекшелікті тілге қарап ажыратамыз. 

 Біз тәуелсіз елміз, қазыналы тіліміз бар, төбемізде көк байрақты туымыз бар. Ол осының барлығын тұтас қылып ұстап тұрған ол біздің ана тіліміз екен 

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені 

бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. 

Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық 

қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін 

әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза 

сөйлеу.
  * Интерактивті  тақтадан     тіл мерекесі туралы     видеоролик  көрсету.



*Балалар  шеңберге     тұрып,

 өлең     жолдарын айта  

отырып, қонақтармен  амандасады.

Сәлем  бердім  саған     елім!

Тал бесігім,  туған  жерім.

Сәлем  бердім  бәріңізге

«Қазақ тілі» дегендердің.



Түсіндірмені  мұқият  тыңдайды













Бейне жазбаны  көреді

Ұйымдастырушылық-ізденістік



Балалар, адамнан тілді, тілден ұлтты, ұлт тарихты, тарихтан жерді, Отанды және өткенді білуге болады екен.


  • 1.Біз қай ұлтпыз?

2 Біз қай тілде сөйлейміз?


 
3.Біз қай  Республикада   тұрамыз?     

4.ҚР –сының  қандай рәміздерін  білесіңдер?

5. Елбасымыз кім?

6. Еліміздің бас қаласы, елордасы қай қала?

6. Біздің елде тағы басқа қандай ұлттар бар?


7.  Тілді  білу     не үшін  керек?

Дұрыс айтасыңдар! Тілді білу үшін адамға мақсат, талап және жігер керек. Ал бәрінен де өз ана тілін сүю керек және оны жетік білу керек!

*

 *Тіл туралы  слайд     көрсету,  балаларға 

 қайталату





*Осы  ана  тіліміз     туралы қандай  тақпақтар 

 Білесіңдер?

Жырды жаттаған баланың ойы жылдам болады екен.Тілінің қыры мен құпиясына көп үңіледі. \қанеки, бастайық!

































Ән  :  Ана     тілі

Біз өз тілімізді жетік білу үшін әр заттың және белгісіз тылсымның құпиясына қанығып әр

 нәрсенің, ұғымның атауын білуіміз керек. 

Сонда сөз бен тіл байлығымыз мол болып, 

тіл бай және ойымыз жүйрік болады.\

мақал-мәтел—ол бабалардың сөзі екен.

Сондықтан да біз оны әрдайым оқып және айтып жүруіміз керек!

*Балаларға тілімізді  әрқашан  дамытып, сөздік қорымызды байыту  үшін әрдайым 

мақал-мәтелдер  жаттау  керек     екенін  айтып, «Кімжылдам» ойынын ойнату.

*Мақал-мәтелдерді слайд     арқылы  көрсету.










Д/О : Сыңарын  тап:



Балалар, өз армандарымызға саяхат жасап, мына алдарымыздағы ою-өрнекпен бір ғажайыпты құрастырайықшы.Бізді қоршап тұрған ортаны оюмен кескіндейікші, қане?! Кімнің жүйрік құрастырушы екенін білейік бүгін.













*  Ою-өрнектерден Қазақстан табиғатын,  бәйтеректі   құрастыру




*Сергіту  биі  «Мен қазақпын»


Балалардың жауаптары:


Біздің  ұлтымыз –қазақ.

Қазақ тілінде

сөйлесеміз..................................................................................................................................................






Балалар  тіл  туралы     слайдты  

көрсету















Жазира:

Ана  тілің  біліп     қой

 Еркіндігің теңдігің

Ана  тілің  біліп     қой

Мақтанышы  елімнің


Халида:

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
 Абай, Мұхтар сөйлеген дана 

тілім.
 Қастерлейді ұл - қызың мәңгі

 сені
 Болашағым, бақытым дара тілім.
 
 Аяжан:

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.


Айша.Қ

Ана тілім –елдігім

Ана тілім-ерлігім.

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін


Айсұлтан:

Сүйесің өз тіліңді

Боласың  білімді

Өз кілтіңді  үйретер

Өнерді де,  ғылымды

Ардақта  өз тіліңді


Арман:

Ана тілім-  анам

Аппақ қардай  арым

Мұра  еткен бабам

Жарқыраған шамым


 Мирон:

Қазақстан  халқының

Қазақ тілі – тірегі

Ана  тілде  айтылар

Әнұраны-жүрегі.





Балалар   үнтаспамен     

қосылып  ән     айтады



Балалар  суретке     қарап  қандай  мақал     екенін  табады.




*Тіл-қылыш  жүзіндей


*Піл  көтермегенді  

тіл көтереді


*Тіл  тас     жарады

Тас жармаса  бас  жарады 



Жыланның  уы     тісінде  

Адамның  уы     тілінде. т.б.....................................................................................................................


Күн-түн,

Жарық-қараңғы

Аспан-жер, 

ақ –қара 

қатты-жұмсақ, 

жүгіру –жүру, 

 суық-жылы,

аласа-биік,  

жақсы- жаман.

  Ұзын-қысқа,

алыс-жақын, с

еміз-арық, 

тұру-жату,

ашық-жабық, 

тәтті- ащы,

жаңа -ескі,

батыл-қорқақ.

кәрі-жас,


*Балалар  екі топқа  бөлініп

ою-өрнектерден  

Қазақстанның табиғатын,     бәйтеректі  құрастырады. 


*Балалар     билеп  бойларын  сергітеді.

Рефлекциялық-түзетуілік

.

Қорытындылау Ойын:  Көңілді күн


Бәрекелді сендер бақыттысыңдар, балалар!




Балалар  күннің  шуағы     арқылы  тіл  туралы     

нақыл  сөздер  айтады: Тілім –жүрегім, тілім—тірегім, тілім—тарихым, тілім—дәстүрім, тілім –ата-анамның тілі, тілім байлығым, тілім—берекем, тілім-бақытым

Күтілетін нәтиже: Тіл туралы ұғымды сіңіру, халқымыздың асыл сөз мұраларын бойына қалыптастыру

Нені  білі  керек: Тілді сүюді, Отан, ұлт, Рәміз туралы түсінікті

Нені  игерді:  Тіл туралы   мақал-мәтелдерді, тілді құрметтеуді

Нені  білді:   ана тілінің қасиетін   


                                                         




№179 жалпы білім беретін балабақша






Тақырыптық  оқу   қызмет




       Жасай бер, ана тілім - қазақ тілі!


                                 

Тәрбиеші :    Э.К.Шаумурнова








                                                  

Алматы, 2019 ж.