Қалалық (онлайн) семинар "Кітап біздің -досымыз" » КГКП "Ясли сад №179"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№179 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 225-40-97
Әдіскер:
+7(727) 225-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қалалық (онлайн) семинар "Кітап біздің -досымыз"
17
наурыз
2021

Қалалық (онлайн) семинар "Кітап біздің -досымыз"

Жетісу ауданы

КМҚК №179 бөбекжай-балабақшасы







Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі



КІТАП-БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ


Мектепалды «Құлыншақ» тобы

                                     Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру салалары: Қатынас, таным, әлеумет, шығармашылық

Тақырыбы :  Кітап – біздің досымыз!

Мақсаты:  Кітаптың сарқылмас рухани қазына екенін балаларға түсіндіру,білімнің кітап арқылы берілетінін меңгерту.Кітаптың адам өміріндегі маңызын ұғындыру арқылы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеу. Кітап тақырыбы арқылы ұлтжандылық пен мәдениеттілікке қалыптастыру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Білім алуға деген қызығушылықтарын арттыра отырып логикалық қабілеттерін жетілдіру. 

 Көрнекіліктер: Кітап макеті, лули шеңбері, карта, сиқырлы таяқша, кілем, «білім патшалығына саяхат» макеті, фетр матасынан дайындалған әріптер мен сандар,әртүрлі суреттер жиынтығы, әр балаға мадақтама медаль т.б.


Ұйымдастыру:  

Тәрбиеші :  Балалар, қараңдаршы мына жерде  тосын  әрі құпия сыйлық жасырынған екен. Соны тапқырлықтарыңмен тауып көріңдерші! Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін.

«Өзі дана, өзі пана, өзі тілсіз, өзі үнсіз, бабаның өзі, атаның сөзі»

 


Екінші  мүмкіндік................Ойын:  «Жасырынған сөзді тап»



                       К І Т А П

Тәрбиеші :  Жарайсыңдар ,балалар! 

Балалар, қараңдаршы  « Ғажайып кітап»  ортамызға келіп тұр екен.

-Балақайлар,осы кітап бізге не үшін керек деп ойлайсыңдар?

(оқу үшін, білім алу үшін, айналаны біліп тану үшін,  пайдалы нәрсе үйрену үшін. ..)

Дұрыс айтасыңдар, өздерің айтқандай кітаптың қашанда да пайдасы мол екен, сонымен қоса өткен тарихымызды, қазақи түбізді тану үшін және  бабалар сөзін есте сақтап, оны өмір тәжірибесіне қолдану үшін керек екен. Ендеше қазір бәріміз алғашқы кітап қалай шығарылғанын қөрейік

БЕЙНЕЖАЗБА КӨРСЕТУ

Кері байланыс жасау: Кітап шығару үшін алдымен не керек екен? (қағаз)

                                       Қағазды неден жасайды екен? ( ағаштан)

                                       Алғашқы  қағазды, кітапты   ойлап тапқан ел?  (қытай елі)

Олай болса,  ортамызға  келген   «Ғажайып  кітапты    ашайық!  

(Абай атамыз, Елбасымыз Нұрсалтан Назарбаевтың, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың  кітап  туралы   айтқан нақыл  сөздерін балаларға  оқып беріп, түсіндіру)  

   -Кітапты   көп  оқыған адам  қандай болады деп ойлайсыңдар?

(білімді болады, ақылды болады, кітапты көп оқыған адам  мейірімді, зерек, еңбекқор, әдепті болады)

Дұрыс  айтасыңдар! Тәрбиеші : Балалар,   кітап туралы қандай  тақпақ білесіңдер? Сол тақпақтарыңды мнемокесте арқылы айтып беріңдерші.

Тақпақтар:


Кел ,балалар , оқиық

Оқығанды көңілге 

Ықыласпен тоқиық.

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан 

Іздемей-ақ табылар!

Бүктеме, балалар

Кітаптың парағын,                   

Жыртпашы, балалар,

Кітаптың парағын

Арманыбар  онда,                                   

Атаның, бабаның,                                         Ақылы бар онда,                                               Ақынның,дананың




 

Тосын сәт:  Экраннан хабарлама келіп, скайф арқылы  БІЛІМ ХАНШАЙЫМЫ хабарласады:

«Сәлеметсіңдер ме, менің  кішкентай бүлдіршіндерім! Мен БІЛІМ ХАНШАЙЫМЫ боламын.Мен өз білім патшалығыма өте зерек, ақылды, білімді, талапты және мейірімді   балаларды жинап жатырмын. Менің патшалығыма жету үшін алдымен білімділіктерің мен зеректіліктеріңді сынайтын кедергі қалашықтардан өте алуларың  керек. Сондықтан  мен   сендерге  көмек ретінде сиқырлы таяқшам мен  жол картасын   беріп жібердім. Егерде аталған   кедергілерден мүдірмей өтсеңдер, білім патшалығының есігі сендер үшін айқара ашық болмақ.

Сәттілік серік болып, жолдарың болсын, менің кішкентай бүлдіршіндерім!»


Тәрбиеші: - Міне керемет, балалар!   Сендер білім патшалығына барғыларың келе ме?

(Осы кезде   қолында картасы бар   Таусоғар келеді)

Тәрбиеші: Рахмет саған,  Таусоғар!

Балалар, ендеше біз сиқырлы кітабымызды өзімізбен ала жүрейік, себебі кітап біздің жолда адастырмас   ақылшы  досымыз ғой!

(Қуана келіседі)

Тәрбиеші: Білім патшалығына  немен барсақ  екен?!......

Айтпақшы , бізде ұшқыш кілемше бар   емеспе?, кілеммен ұшайық ! Ол   үшін  бізге  сиқырлы   таяқша  көмектеседі.

Балалар  бәрі  кілемге    тұрады да  сиқырлы  сөзді   айтады: «Осындайда керек дос, ал таяқшам  көмек  қос!»

Ән: «Кітап-біздің кемеміз»

 Балалар кілеммен ұшады да бір  қалашыққа   тап болады. Қандай қалашыққа тап болғанын  сиқырлы таяқша  көрсетеді: «Кітаптар әлемі» қалашығы

(  Топ басшысы  таяқша көмегімен  «Кітаптар әлемі» қалашығына   келгендіктерін хабарлайды.)

  Тәрбиеші:   Міне , керемет  балалар  «Кітаптар»   әлемінде  қаншама көп кітаптар бар.

Балалар , көп кітаптар сақталатын жерді біз не дейміз?

Балалар:  КІТАПХАНА !!!

Тәрбиеші:   Дұрыс айтасыңдар!  Кітапхана туралы тағы не білесіңдер?

Балалар: - Кітапханаға барып   іздеген  кітабыңды табуға болады.

               - Кітапханадан кітапты алып оқуға болады................т.б

Тәрбиеші: ӘРИНЕ, балалар .  Кітапхана туралы    ғажайып кітабымыздан  қарап көрейікші. «СЕН  БІЛЕСІҢ БЕ, БАЛАҚАЙ» бейне жазба.

(Отырар қаласында әлемдегі екінші  кітіапхана болғаны туралы түсіндіре отырып, 

   алматы қаласындағы кітапханаларды көрсету, білетіндерін  атату)


Тәрбиеші -*Ал біздің кітаптар әлеміндегі   қандай кітаптар  бар екенін айтып көрейікші?

(Балалар кітаптың  мұқабасына қарап не туралы кітап екенін ажыратып айтады.)

 Ертегілер туралы,  Ойыншықтар туралы,  Құстар туралы, Көліктер туралы т.б

Ал мына кітап ,балалар , -мақал мәтелдер

Ал мына кітап –Жаңылытпаштар жинағы екен.

Тәрбиеші:   Бұл қалашықта бізді қандай тапсырма күтіп тұр екен?

                   Ертегілер кітабында мынандай тапсырма:

-Қандай ертегілерді білесіңдер?

Ғажайып кітаптан ертегілер суретін көрсету.

  • Берілген сөйлемдер қай ертегіден екенін ажырат?

 *Тәрбиеші:    Ал, балалар мына кітап мақал мәтелдер кітабы екен. 

Мақал-мәтел кітабында тапсырма: «Берілген мақалдарды оқып беріңдер»- дейді

Ендеше біз тағы ғажайып кітабыздан көмек сұрайық.

Берілген мақал –мәтелдерді балалар мнемо кесте арқылы оқып шығады.

*Тәрбиеші:   Ал, балалар мына кітап  жаңылташтар   кітабы екен.

Бұл кітапта да   жазылған  жаңылтпаштарды тез оқып беріңдер- депті.

Ендеше біз тағы ғажайып кітабызға  жүгінейік.

 Балалар   мнемокесте арқылы  жаңылтпаштар айтады. 

*Тәрбиеші:   Ал, балалар мына кітап   не туралы деп ойлайсыңдар?

Балалар:  -Ойыншықтар туралы, себебі  мұқабасында ойыншықтардың  суреттері бар?

*Тәрбиеші: -Бұл кітапта балалар, былай деп жазылыпты: «Айсұлуға кімдер қандай сыйлық сыйлады?»

*Тәрбиеші: Бізге тағыда  кітабымызз   көмектеседі. 

Балалар  сурет арқылы   Айсұлуға отбасы мүшелері қандай ойыншықтар сыйлағанын айтып шығады

*Тәрбиеші:-Міне балалар  біз   «кітаптар әлеміндегі»   тапсырмаларды орындадық,

ары қарай  сапарымызды   жалғастырайық.  (Кілеммен ұшады)

Ұшып келе жатып, «Әдептілік» қалашығына қонады

Тапсырма:   Әдептілікті сипаттайтын қандай сөздерді   білесіңдер?

Тәрбиеші:  -Балалар бұл сұрақтың  жауабын   табу үшін де сиқырлы  кітабымызға жүгініп көрейік  

Слайд ашылып Ә. Дүйсенбиевтің «Не деу керек?»  өлеңі  оқылады.

Балалар  әдептілік сөздерін айтып шығады.( Рақмет, кешір, рұқсат па, көмектесейін, мақұл, сәлемет пе?...)

Тәрбиеші: Балалар, сендер әдептілік пен мәдениеттілік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

*Мейірімділікті анадан үйрен,

  Әдептілікті данадан үйрен.


 *Аға әдепті болса, іні әдепті

  Әпке әдепті болса, сіңлі әдепті.


 *Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені.


*Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды



Ары қарай  сапарымызды   жалғастырайық.  (Кілеммен ұшады)

«Әріптер мен сандар қалашығына»  тап болады.

Тапсырма:  Неліктен альфавиттің басында А ,Ә, Б тұрады?

Тәрбиеші: - Балалар, бұл сұрақтың   жауабын  табу үшін тағы да сиқырлы  кітабымызды   көмекке шақырайық!

Әліпбидің  «А»-тұрады басында,

Әрқашан «Ә»-тұрады қасында,

Байқадың ба «Б»-тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.

 «А»-деген ол-аналар ғой ардақты,

«Ә»-деген ол-әкелер ғой салмақты.

«Б»-деген ол-балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

 Кері байланыс: Балалар, неліктен әліпбидің басында А, Ә , Б тұрады екен?

(Балалрдың жауаптары)

Тәрбиеші:-- Балалар, қараңдаршы.Мына жерде тағы да хат тұрған сияқты... Сендерге   хатты оқып берейін! . Құлақ салып тыңдаңдар!

«Жарайсыңдар, балалар, сендер жақсы жауап бердіңдер! Енді біздің қалашықта әріптер мен сандар әдемі суреттерді бөлісе алмай жүр, сендер бір амалын тауып ,көмектесіп жіберіңдерші?»- деп жазылыпты.

Тәрбиеші:-- Ендеше, балалар, әріптер  мен сандарды қалауларың бойынша алып, екі топқа бөлініп, өзіміздің алғашқы кітаптарымызды жасап көрейік?

(«Әріптер» тобы «Әріптер сыры», «Сандар» тобы «Сандар әлемі»  кітаптарын құрастырады.)

Тәрбиеші: -- Бұл қалашықтың да тапсырмасын орындадық,   балалар! Білім патшалығына таяп қалған сияқтымыз. Сиқырлы кілемімізге жайғасайық!

(Білім патшалығының есігі айқара ашылып, БІЛІМ ХАНШАЙЫМЫ балаларды қарсы алады.)

Білім ханшайымы: --Қош келдіңдер, менің кішкентай бүлдіршіндерім!Өздерің сондай ақылды, талапты, білімді, әрі зерек балалар екенсіңдер! |Балалар, мынаны айтыңдаршы, менің патшалығыма жету үшін сендерге не көмектесті?

Балалар:  —( барлығы )КІТАААП!

Білім ханшайымы: -- Өте керемет,жарадыңдар, балақайлар, ал сендер кітап туралы қандай нақыл сөздер мен  мақал-мәтелдерді білесіңдер?

(Балалардың барлығы белсендідік танытып, жарыса жауап береді.)


Балалар: -- 1. Кітап оқығандыкі,                       5. Күш білімде, білім – кітапта,

                 Білім тоқығандыкі                               6. Кітап – ғылым, тілсіз - мұғалім.

                2. Кітап –асыл қазына.                            7. Оқусыз білім жоқ,

3. Кітап –алтын сандық,                           Білімсіз күнің жоқ.

 іші толған қазына құт.                                   8. Білім тозбайды, 

 4. Оқу түбі тоқу.                                          ақыл азбайды.  


Білім ханшайымы: -- Өздерің нағыз білімді азамат екенсіңдер.Жауаптарың арқылы көңілімнен шықтыңдар. Сендерді тағы да сынайын! Кітап туралы қандай тиым сөздер білесіңдер?

*Кітап мұқабасы бүгілмес үшін, қаптап жүр.

*Кітап беттерін жыртпа.

*Кітапқа сурет салма, жазба.

*Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма.

*Кітапты жатып оқыма.

*Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.

 Білім ханшайымы-- : Асқан білімділіктерің мен тапқан жауаптарыңа риза  болдым,балалар, бәрекелді!Сондықтан да сендерді білім патшалығына қабылдаймын және барлықтарыңды  «Алтын»   төсбелгісімен марапаттаймын! Бұл менің сендерге деген ерекше ескерткіш сыйлығым болсын!

(Марапаттарын тағады да, білім патшалығына алып кетеді)