Сары алтындай сары күз!!! Құлыншақ тобының мерекелік ертеңгілігі. » Страница 4 » КГКП "Ясли сад №179"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№179 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 225-40-97
Әдіскер:
+7(727) 225-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сары алтындай сары күз!!! Құлыншақ тобының мерекелік ертеңгілігі.
07
қазан
2020

Сары алтындай сары күз!!! Құлыншақ тобының мерекелік ертеңгілігі.





]

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

(Музыка ойнап, әсем  безендірілген залға қолдарында жапырықтары бар балалар билеп  кіреді)

Жүргізуші:

Армысыздар  қадірлі қонақтар! 

«Алтын күз, әсем айналам,  Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 

Тілегім аман болсын ел іргесі, 

Алтын күз қайта келді берекесі. 

Молшылықтың жаршысы бола білді,  

Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.


: «Иә солай, күзде суық болады ӘН»

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Тоңазып атырап, 

Көп жеміс піседі. 

Сарғайып жапырақ, 

Саудырап түседі

Аспанды сұрғылт бұлт, 

Жан-жақтан жабады. 

Күн бірте суытып, 

Жауын көп жауады


Бұлқай кезбалалар?(Күзмезгілі)


(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызға кезек берейік!)

1.Арнұр:

  Көбейді құт береке
  Астық толы қамбамыз
  Құтты болсын мереке

 Алтын күзді тойлаймыз!

  6.Алинұр:    

   Көктен көзін бір алмай,

  Қызғылт тартты кәрі күз

  Жер қызығын қия алмай, 

  Маужырап тұр сары күз...

11.ГауҺар:             Қыстың жақын қалғанын, 

                            Жапырақтар білгендей,

Желменұшыпбарады, 

                           Жерге қонып үлгермей

                            Жапырақтар жамырап,

                            Сайға барып бекінді,     

                            Анасынан ажырап,

                            Қалған бала секілді.


2.Адия  :   

  Жемісі  мол теретін
     Күз дос екен бізбенен
   Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

7.Мариям:       

    Сап-сары ғып  даланы

    Бояпты  ғой     күз  деген

   Құстар  қанат     қағады

  Қоштасқандай  бізбенен.

12.Амир:              

    Қарашы күз келді, күз келді
   Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді.

3.Айару:       

Алтын ,сары,қызыл, көк
 Алуан,алуан ,жапырақ

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапыра

8.Айдар:      

   Бар  байлығын     халқынан

   Аямаған  алтын     күз.

      Жаралғандай  алтынан

      Жарқыраған  жарқын  күз

13.Медина:    

   Қуандырып біздерді 

   Өлкемізге күз келді

  Кел жемісті алтын күз

 Кемелденсін халқымыз

4.Аружан:       

Жетті  желмен  алтын күз

  Жеміс жинау салтымыз

  Жиып-теріп  болған     соң

 Той  жасайды     халқымыз!

9.Хан Жәнібек:  

 Ұшты  талдан     жапырақ

 Сары  көбелек     секілді

 Аспанда жай шатырлап

 Тамшы жерге  секірді.

14. Юсуф:        

 Алтын,сары, кызыл,көк
   Алуан-алуан жапырақ

  Күзгі бақта күлімдеп
   Көз тартады атырап

5. Нартай:              

Сары     жапырақ  төгілген

Тоғайды да көрдім     мен

 Енді  сары     бояумен,

Күз суретін     салам  мен

10.Анвар              

 Астық,  жеміс     жиылды

 Қамбамызға құйылды

Ардақты     күз,  мың  алғыс

Алдық өнім     сыйыңды

15.Тальвина:

    Берекесін сыйлауға
      Өлкемізге күз келді
      Жемістерін жинауға
      Шақырады біздерді


16:Омар                 Күздің казан айында
                                   Алма,алмұрт піседі
                                   Жапырақтар сарғайып
                                Сыбдыр,сыбдыр түседі


Жүргізуші: Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.


БИ: АҚҚУЛАР БИІ




Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,                           

Жасымыз бен кәріміз.                            

Қырдан кепті қыдырып,                           

Алтын күз бізге нұр төгіп.


Күз ханшайымы:      Сәлеметсіңдер ме, балалар!

                                   Келдім ұшып желмен мен,

                                  Суық пенен жаңбырды

                                    Ала келдім өзіммен


Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.


Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым!   Мен жалғыз келген жоқпын. Өзіммен бірге  үш қызымды ,яғни  Қыркүйегімді, Қазанымды, Қарашамды ала келдім. Қарсы алыңдар!!!


Ән: Күздің үш айы


Күз ханшайымы:  Балалар мен сендерге  жұмбақ  жасырып, білімдеріңді тексергім келіп тұр.


  1. Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)


4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)


2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)




Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балапандар!!!




КӨРІНІС


КӨРІНІС


Адия: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!

Бойымнан әл құрып

Көздерім бұлдырап

Басым айналып барады!


Арнұр:    Енді, енді не істейміз?!

                  Адияға қалай көмектесеміз?


Аружан: Сабыр сақта, саспайық

Дәрігершақырайық!


Адия : Жо - жоқ! Дәрігеркерекемес!

Қазірөзімтұрамын тез!


Нартай: Ондадәріішіп ал,

Мендеміне, көпдәрі бар!


Анвар: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек

Бұл - дәлелденген рецепт!


Адия: Ах!


Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала 

келеді)


Гауһар: Мені неге шақырдыңдар,

Қандай шағым, арыздар бар?


Бәрі бірге:   Адияға дәрігерлік көмек керек!


Гауһар: Қазір қарап шығайын,

Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппенкеудесінтыңдайды)


Гауһар: - А - а - а - депқане, аузыңдыашшы...... (Тексереді)

Тістеріңорнында, тамағыңіспеген

Қол - аяғыңәлсізденген

Қызуыңыстықекен

Білдім, неден ауырғаныңды...!

Жеткілікті мөлшерде ағзаңа

Дәрумендержетіспеген!


Адия: Енді не істеймін?


ГауҺар: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,

Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..


Жүргізуші: Балалар,ендеше  бақ пен бақшада пісіп жатқан жемістер мен көкөністерді өз себеттеріне жинап, топтастырайық. 


ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»



Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!


Жүргізуші: Үсті толы ине,

                           Өзінқорғайалады,

                          Домаланыпқалады. Қандайаң?


Балалар: Кірпі!


Жүргізуші:    Ендеше ортаға кірпілерімізді өздерінің тамаша биімен қошеметтеп қарсы алайық!


Би: «Кірпілер биі»



  Күз ханшайымы:

  Кәне, менің достарым,

  Күз сыйлығын алыңдар

 Молшылыққа кенеліп,

 Шаттық әнге салыңдар.


ӘН: АЛТЫН АСТЫҚ   АЙНАЛА!!!



Жүргізуші:  Алтын нұрдай тамшылап,

                      жапырақтар төгілді

                      Біздің өмір таң шуақ, 

                      біздің өмір көңілді   --дей отырып


      Құрметті қонақтар,  бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.     Сау болыңыздар !



Мектепке даярлық топ "Құлыншақ"
Тәрбиеші: Шаумурнова Эльмира

Барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді. Бетперде, ара-қашықтық, антисептик қолданылды.
Назад 1 2 3 4 Вперед