Сары алтындай сары күз!!! Құлыншақ тобының мерекелік ертеңгілігі.
]
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
(Музыка ойнап, әсем безендірілген залға қолдарында жапырықтары бар балалар билеп кіреді)
Жүргізуші:
Армысыздар қадірлі қонақтар!
«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
: «Иә солай, күзде суық болады ӘН»
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі. Сарғайып жапырақ, Саудырап түседі | Аспанды сұрғылт бұлт, Жан-жақтан жабады. Күн бірте суытып, Жауын көп жауады |
.
- Бұлқай кез, балалар?(Күзмезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызға кезек берейік!)
1.Арнұр: Көбейді құт береке Алтын күзді тойлаймыз! | 6.Алинұр: Көктен көзін бір алмай, Қызғылт тартты кәрі күз Жер қызығын қия алмай, Маужырап тұр сары күз... | 11.ГауҺар: Қыстың жақын қалғанын, Жапырақтар білгендей, Желменұшыпбарады, Жерге қонып үлгермей Жапырақтар жамырап, Сайға барып бекінді, Анасынан ажырап, Қалған бала секілді. |
2.Адия : Жемісі мол теретін Жомарт екен күз деген | 7.Мариям: Сап-сары ғып даланы Бояпты ғой күз деген Құстар қанат қағады Қоштасқандай бізбенен. | 12.Амир: Қарашы күз келді, күз келді Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді. |
3.Айару: Алтын ,сары,қызыл, көк Ағаштардан жамырап Ұшты кенет жапыра | 8.Айдар: Бар байлығын халқынан Аямаған алтын күз. Жаралғандай алтынан Жарқыраған жарқын күз | 13.Медина: Қуандырып біздерді Өлкемізге күз келді Кел жемісті алтын күз Кемелденсін халқымыз |
4.Аружан: Жетті желмен алтын күз Жеміс жинау салтымыз Жиып-теріп болған соң Той жасайды халқымыз! | 9.Хан Жәнібек: Ұшты талдан жапырақ Сары көбелек секілді Аспанда жай шатырлап Тамшы жерге секірді. | 14. Юсуф: Алтын,сары, кызыл,көк Күзгі бақта күлімдеп |
5. Нартай: Сары жапырақ төгілген Тоғайды да көрдім мен Енді сары бояумен, Күз суретін салам мен | 10.Анвар Астық, жеміс жиылды Қамбамызға құйылды Ардақты күз, мың алғыс Алдық өнім сыйыңды | 15.Тальвина: Берекесін сыйлауға |
16:Омар Күздің казан айында |
Жүргізуші: Теңіздей тербетіле көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.
БИ: АҚҚУЛАР БИІ
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Келдім ұшып желмен мен,
Суық пенен жаңбырды
Ала келдім өзіммен
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Мен жалғыз келген жоқпын. Өзіммен бірге үш қызымды ,яғни Қыркүйегімді, Қазанымды, Қарашамды ала келдім. Қарсы алыңдар!!!
Ән: Күздің үш айы
Күз ханшайымы: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырып, білімдеріңді тексергім келіп тұр.
Піскенде себетке құладым.(Жеміс) | 4. Сырты қатты, Іші тәтті. (Қарбыз) |
2. Ашулы қонақ бұл анық, Тонып шешсе жыладық. (Пияз) | 5. Өсірдім ұлпа қар, Шешуін кім табар. (Мақта) |
3. Өсірер тың дала, Көшірер қамбаға. Айналар ұңға да Айналар нанға да.(Бидай) |
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балапандар!!!
КӨРІНІС
КӨРІНІС
Адия: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
Арнұр: Енді, енді не істейміз?!
Адияға қалай көмектесеміз?
Аружан: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігершақырайық!
Адия : Жо - жоқ! Дәрігеркерекемес!
Қазірөзімтұрамын тез!
Нартай: Ондадәріішіп ал,
Мендеміне, көпдәрі бар!
Анвар: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Адия: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала
келеді)
Гауһар: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Адияға дәрігерлік көмек керек!
Гауһар: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппенкеудесінтыңдайды)
Гауһар: - А - а - а - депқане, аузыңдыашшы...... (Тексереді)
Тістеріңорнында, тамағыңіспеген
Қол - аяғыңәлсізденген
Қызуыңыстықекен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендержетіспеген!
Адия: Енді не істеймін?
ГауҺар: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Жүргізуші: Балалар,ендеше бақ пен бақшада пісіп жатқан жемістер мен көкөністерді өз себеттеріне жинап, топтастырайық.
ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»
Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Үсті толы ине,
Өзінқорғайалады,
Домаланыпқалады. Қандайаң?
Балалар: Кірпі!
.
Жүргізуші: Ендеше ортаға кірпілерімізді өздерінің тамаша биімен қошеметтеп қарсы алайық!
Би: «Кірпілер биі»
Күз ханшайымы:
Кәне, менің достарым,
Күз сыйлығын алыңдар
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
ӘН: АЛТЫН АСТЫҚ АЙНАЛА!!!
Жүргізуші: Алтын нұрдай тамшылап,
жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ,
біздің өмір көңілді --дей отырып
Құрметті қонақтар, бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар !
Мектепке даярлық топ "Құлыншақ"
Тәрбиеші: Шаумурнова Эльмира
Барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді. Бетперде, ара-қашықтық, антисептик қолданылды.