"Құлыншақ" тобы
Алтын күзде нұр жауар
1.Балалар жапырықтар биімен залға кіреді
Жүргізуші:Береке, бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар және « Құлыншақ »тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші : Қызыл жасыл,сары алтындай
күздің көркі жапырақтар
Әннен шуақ тарайтындай
Соғылшыншы шапалақтар,
– деп «Алтын күзде нұр жауар» атты ертеңгіліміздің шымылдығын кішкентай балғындарымыздың орындауында «Күз тамаша» әнімен ашпақпыз. Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды.
- Халида: Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз!
2.Аяжан : Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
3.Арлен: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
4.Нұрали: Күздің казан айында
Алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр,сыбдыр түседі
5.Айша.Қ : Алтын,сары, кызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
6.Аян: Қуандырып бізді
Өлкемізге күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
7.София : Алтын ,сары,қызыл, көк
Алуан,алуан ,жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
8. Альмира: Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
9. Айым: Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
10. Ақерке: Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
11.Мұхамад: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
12.Жазира: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағынжұлғызып.
13.Амина: Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз!
14.Ерасыл: Сары жапырақ төгілген
Тоғайды да көрдім мен
Енді сары бояумен,
Күз суретін салам мен
15 Зафар: Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі күз
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...
16. Нейла: Сап-сары ғып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен.
17. Шыңғыс: Бар байлығын халқынан
Аямаған алтын күз.
Жаралғандай алтынан
Жарқыраған жарқын күз
18.Амир: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді
19.:Темірлан: Астық, жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз, мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды!
(ОЙ балалар жарайсыңдар! (бірінші қарғаның қарқылдаған дауысы естіліп, бейнесі көрінеді ) Міне балалар қарғаның өзі де келді.
Балалар ала қарғаның қарқылдауы тегін емеес, ендеше бір жаңалықтың болары анық.
(Сол кезде бір жақтан құстың пайда болған дауысы естіледі)
Павлин құстың қауырсыны жерге ұшып түсіп жапырыққа айналады
Жүргізуші : Балалар күзден хабар келді. Ендеше Алтын күз ертегісі басталды!. (аудио мр 3) Баяғы ерте заманда бір хан болыпты. Ханның үміт күтер жалғыз ұлы болыпты. Ұлы есейіп , ал әкесі қалжырап, көңілі күрең күзге айналып, кеміген сайын ұлының болашағын ойлап, бір күніііі оны сынамаққа бекініпті. Сөйтіп ұлын шақырып алыпты:
КӨРІНІС басталады:
Хан (Арман): Ұлым, құлыным, қайдасың? Қасыма кел!
Ұлы: Иә Әкетай! Неге шақырдыңыз?
ПАТША (Арман): Балаам мына бір теңгеге базарға барып, өзімізге-нан, тауықтарға –дән, малдарға-жем алып кел
БАЛАСЫ (Арман) : Жарайды ӘКЕ!
Жүргізуші: Сөйтіп баласы бір теңгені алып базарға аттанады.
(Бала жүріп келе жатқанда, балалар жиылып тұра қалып, әнді бастайды, бір шумағын айтқаннан кейін , ХАННЫІҢ ҰЛЫ СӨЙЛЕЙДІ:)
-Мәә, мына ауылдың балалары қандай көңілді, ендеше оларға мен де қосылам»
Жүргізуші: Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Ән: Күзгі әуен
Жүргізуші: Ханның ұлы әрі қарай өз жолын жалғастырады.
Жолда келе жатып ,жол үстіндегі 2-3 жеміске көзі түседі.
БАЛА: -«ООО күздің сыйын қара!!!!»
Жүргізуші: (Бала алма мен алмұртты алуға бекінгенде қолына тікен кіріп кетеді, қараса кірпі екен)
Кірпі: Балақай абайламайсың ба? Қайда асығып жол тарттың?
Бала: ООО кірпі !!! Әкем базарға жұмсап соған бара жатырғаным жол табуға көмектесіп жіберші
Кірпі: Жарайды, ендеше мен достарымды шақырайын.
БИ: Көңілді кірпілер
Бала: Рахмет кірпілер!
Ханның ұлы кірпілермен қоштасып базарға қарай бет алды.
Келе жатқан бала жапырақтарды сыпырып,ауланы тазалап жатқан аула сыпырушыны көреді ( слайд видео )
*ОЙЫН: «Күз жапырақтары»
(Баланың базарға жетуіне аз қалғанда, күн күркіреп, жаңбыр жауа бастайды)
Бала: Қап енді қайттім, жаңбырдың астында қалдым-ау?!...
*ҚОЛШАТЫРЛАР БИІ
(Биден кейін бір қыз қолшатырын балаға ұсынады)
Бала рахметін айтып ары қарай жүріп кетеді.
(Жаңбыр басыла, бала базарға жетеді)
Бала: УА ХАЛАЙЫҚ Жарандар!!!!
Маған бәрің қараңдар !!!
Менде бары 1 теңге
оған алам бірдеңе.
Ол не десеңіз: 1 теңгеге нан аламын, тауықтарға дән аламын, малдарыма жем аламын!!!! 1 теңгеге нан аламын, тауықтарға дән аламын, малдарыма жем аламын!!!!
(Оның сөзін естіген жұрт әбден күледі, яғни балалар күледі)
1бала: Қалайша 1-ақ теңгеге нан,дән, жем алмақшысың? Өзің ақымақ екенсің! Ха-ха-ха
(Бала сонда да сөзін қайталап базарды аралайды)
Сол кезде базардың бір шетінде отырған қыз әлгі жігіттің қасына келіп:
-«ӘЙ ЖІГІТІМ Неге сонша айқалап жүрсің, елді бәрін күлдіріп?»
Бала: Мені әкем бір теңгеге нан , тауықтарға дән , малдарыма жем ал депбазарға жұмсады.
Қыз:- ЕЕе солай ма? Әкең сені сынамақ болған ғой. Ендеше сен 1 теңгеге қауын сатып ал! Қауынды жесең нан болады, тауықтарға дән болады, ал қабығы малдарыңа жем болады.
Бала\: Рахмеет саған ақылды қыз
Қыз: Жолың болсын!
Жүргізушң: Осылайша бала үйіне қауынмен оралып , әкесін таң қалдырыпты.
Баласының бұл тапқырлығына кімнің себеп болғанын сұраған кезде, баласы өткен жайтты баяндап сатушы қыздың өзіне көмектескенін айтады.
Ұлына кездескен қыздыңақылдылығына көңілі толған хан тапқыр қызды сарайына шақырып, ұлан -асыр той жаспты
*Би: Күзгі вальс
Видео көрсету
Міне балалар! Алтын күздің ертегісі осылай аяқталыпты.
*Ән: Күзгі жаңбыр!
Берекелі бақ даулет
Арта түссін тойланып, Сау болыңдар халайық
Келгенше күз айналып, -дей отырып, бүгінгі күз оқиғасына толы ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Аман-сау болыңыздар!!!