18
қазан
2019
Сары алтындай сары күз!!! Балбөбек тобының мерекелік ертеңгілігі.
«Алтын күз» Балалар әдемі музыка әуенімен, «Жапырақтар» биін билеп залға кіреді. Жүргізуші: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтармен толқып –билеп күз де келді. Ел байлығын арттырған мерекелі де, берекелі Алтын күз мерекесі құтты болсын!(жапырақтармен шашу) Мерекеміздің «Күз тамаша» әнімен ашуға рұқсат етіңіздер
Ән: «Күз тамаша»
Жүргізуші: Балалар, енді бізге мол өнім сыйын тартқан күз табиғаттың өлең-тақпақ жолдарымен тақпақтар оқып берейік.
Тақпақтар:
Қуандырып біздерді. кел жемысты алтын күз.
Өлкемзге күз келді, кемелденсін халқымыз. Алихан.
Жемісі мол теретін, күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін,жомарт екен күз дееген.
Қыстың жақын қалғанын, Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады, Айым.А.
Желге қонып үлгермей.
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер Айсұлтан.
Сары көйлегің желбіреп
Жиын терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын Карина.
Қай мезгіл деп ойлайсың.
Думан толы асқарлы,
Күз мезгілі басталды. Гакухар.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды. 1
Күз келді, күз келді.
Күдерін жаз үзгендей.
Күз де келді күз келді, Абай
Көкте бұлттар жүзді енді.
Күзде келді күз келді,
Қондырманы түзге елді,
Күз де келді, күз келді. Инжу.
Керек оқу бізге енді.
О алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша Айша.
Аунар ма еді жатып ап.
Алтын, сары,қызыл, көк.
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп Салимхан.
Көз тартады атырап.
Сап-сары маңай,
Сап-сары тоғай.
Соңғы әнін айтып Адия.
Құс кетті қайтып.
Қарашы күз келді күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді. Дидар.
Құс біткен керуенін түзеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі Ернияз
Күз әуені төгілді.
2
Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз. Ерасыл.
Жүргізуші:Балалар күз мезгілінде құстар қай жаққа ұшып кетеді.
Балалар: Жылы жаққа.
Жүргізуші: Ендеше сол жылы жаққа ұшатын құстар бізбен қоштасқалы келіп кәне бізге бір би билеп берсін.
Би: «Құстар»
Жүргізуші:-Балалар біз күз мезгілін неліктен жомарт күз, берекелі күз дейміз?
-Себебі балалар күзде біз табиғаттың берген мол өнім сыйын жинап аламыз.Дастарқанымызды қоймамызға жеміс-жидекке астыққа толтырамыз. Сондықтан да біз күз айын ерекше құрметтейміз.
Ендеше қазір «Шалқан» ертегісінен көрініс көріп тамашалайық.
Ертегі: «Шалқан»
Ерте, ерте, ертеде бір ата мен апа баянды өмір сүріпті. Олар үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты.Күз айында бақшаның жемістерін жинап жүріп шалқанды көреді де таңғалады.
-Ата: Ой бәрекелді менің шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды.
(тартып,тартып жұла алмайды)
Ата: Не деген үлкен шалқан! Жұлуға күшім жетпейді –ау- Қой апамызды шақырайын. Апасы,апасы бері кел!
3
Апа: Атасы мені неге шақырдың?
Ата: Апасы қарашы.Мына шалқанды мен жалғыз өзім жұла алмадым.Кел, көмектес!
(Екеуі тартып –тартып жұла алмайды)
Апа:-Ой не деген үлкен шалқан! Екеуміз қосылып жұла алмадық қой.
Қой, қызымызды шақырайық.
-Қызым, қызым бері келші.(қыз музыкамен кіреді)
Қызы: Ата,апа мені неге шақырдыңдар?
Апасы:-Қызым, қарашы. Мына шалқанды жұлуға күшіміз жетпей жатыр.Келеғой ғой көмектес.
(Үшеуі тартып-тартып жұла алмайды)
Қыз:-Ой недеген үлкен шалқан.Үшеуіміз қосылып жұла алмадық. Қой, Ақтөсті шақырайық.
-Ақтөс,Ақтөс бері келші. (Ақтөс музыкамен кіреді.)
Ақтөс:-Аф,аф мені неге шақырдыңдар?
Қыз: Ақтөс,қарашы, біз мына үлкен ашлқанды жұла алмадық. Кел көмектес. (төреуі тарта тарта жұла алмайды)
Ақтөс: Аф,аф не деген үлкен шалқан. Көмекке мысығымызды шақырайық.
-Мысығым, мысыым бері келші.
(Мысық музыка кіреді)
Мысық: Мияу мені неге шақырдыңдар?
Ақтөс: Мысығым қарашы. Мына үлкен шалқанды төртеуіміз қосылып жұла алмадық. Кел бізге көмектесші. (бесеуі тартып-тартып жұла алмайды)
Мысық: Мияу, мияу не деген үлкен шалқан!
-Ақтөс көмекке тышқанды шақырайық.
-Тышқан, иышқан берікелші.
(тышқан музыкамен кіреді).
Тышқан: пи пи пи мені неге шақырдыңдар?
Мысық: Тышқан біз мына шалқанды жұла алмай жатырмыз. Кел, көмектесші. (бәрі тартады-тартады жұла алмайды).
Тышқан: бәріміз қосылып жұла алмадыққой. 4
Қыз: Енді не ңстейміз?
Ата: Балаларды көмекке шақырайық.
Жүргізуші:Балалар көмектесемізбе?
Барлығы шалқанды ары-бері тартып-тыртып жұлып алады. (балалар орындарына отырады).
Жүргізуші:- Балалар міне қандай керемет! « Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген осы. « Береке түбі бірлік» деген.Жарайсыңдар!
-Балалар күз мезгіліне байланысты неше түрлі әуендер, әндер бар екен соның бірі: « Күзгі әуен» атты әнімізді тарту етеміз.
Ән: « Күзгі әуен»
-Балалар, ал енді мерекемізді ары қарай жалғастырайық. Күз мезгілініңде табиғат неше түрлі құблыстарға айналып тұрады, ендеше біздің балалрдың орындауынды вальсты тамашалаңыздар.
Би: «Вальс»
Жүргізуші:Енді ортаға шығып кезекті тағы да өлең тақпақты айтайық.
Бұлтты көрсе шамданар, Ақниет.
Күнді көрсе толғанар,
Қысты қазір жолатпа,
Тола түссін қамбалар.
Қоштасқан соң күзімен,
Бұтағынан үзілген Аяулым.
Ай жапырақ сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді. Айым.Ж
Кел, жемісті алтын күз
Кемелденсін алтын күз.
Астық жеміс жиылды Қамбамызға құйылды, Бека
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Жайдары күз,жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз,
Дәнге толы ен далам, Нартай
Дариядай шалқып жүр.
5
(балалар бастарын иіп орындарына отырады)
Жүргізуші: -Ой балалар қараңдаршы анау ағаштың астында не жатыр екен?
Балалар: Кірпі
Жүргізуші: Біздің балаларымыз кірпі биін билеп берсін:
Би: «Кірпілер»
Мейірлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппай арай таңында, Мустафа.
Шомыламыз нұрға біз.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Астық Отан дәулеті, Айназ
Астық Отан әулеті. 6
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген, Ислам.
Ұнатам күзді мен.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекелі.
Молшылықтың жаршысы бола білді, Алдияр.
Алтын күз ырыс-береке ала келді.
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді. Жайық.
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Күн шуаққа малынып
Жатыр еді атырап. Аят.
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
(балалар орындарына отырады)
Ойын: «Көкөністер мен жемістер»
Ойын шарты:Жеміс деген кезде орындарынан тұрады, Көкөніс деген кезде отырады.(әуенмен)
Жүргізуші: Керемет балалар жемыстер мен көкөністерді қамбаға жинадық . ендеше мерекеміздің соңыңда «Күзгі жаңбыр» әнін орындап берейік.
Ән: «Күзгі жаңбыр»
Міне, құрметті қонақтар осымен бүгінгі мерекеміз аяқталды.Зейін қойып келгендеріңізге көп рахмет қош сау болыңыздар.
7
Бірінші маусым- Балаларды қорғау күні!
Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтыре айтуды үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерын жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар
Жаз да келді, жайнаған гулді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрың де, армысыңдар.
Жүргізуші: Салеметсіздер ме, мерекеге жиналган қонақтар, ата-аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын.
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емеспе бал бұлақтай жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
1-Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін быз осы мерекені атап өтпекшіміз.
Құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі; Қожабек Жанар Әуелханқызына беремыз.
Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ботқан тобының орындауында :
«Корей халқының биі»
Жүргізуші:
Иә рас бала болған бәріде,
Салған олар балалықтың әнінде
Бала кезін еске алып отырсақ
Сол емес пе тіршіліктің мәніде дей келе құрметті балалар бізге қонаққа сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме құрметті балалар мерекелерің құтты болсын.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе сайқымазақ біздің мерекемізге қош келдіңіз.
Сайқымазақ: Алақай- ау,алақай,
Мерекені тойлайық
Қол соғайық балақан
Қызарғанша алақан.
Жүргізуші: Ендігі кезекті тақпақтарға берейік.
Бала,бала баламыз Омар
Бакшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамызда қаламыз.
Мен гулдерді жұлмаймын Інкәр
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын.
Көжегым тұршы Ерасыл.Б
Бетіңді жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы.
Біздерде бар қуыршақ Ислам
Бұзау қозы құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Емес олар ұрыншақ.
Алма сыйлап бөбекке А.Ерасыл
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.
Күншуақ: Бейбітшілік әніміз, Раймбек
Өнерліміз бәріміз.
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз.
Гүлмен келсін келер күн, Ақниет
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің
Бала бақша есігін Ақниет
Үшке тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз
Бұл екінші үйіміз Әлиби
Бір туғанбыз бәріміз
Біз- сол үйдің сәніміз
Біз- сол үйдің гүліміз
Сайқымазақ :Ойын: Ұшты-ұштты:
Ұшты -ұшты Қарға ұшты
Ұшты ұшты Арба ұшты
Ұшты ұшты Торғай ұшты
Ұшты ұшты жылан ұшты
Ұшты ұшты Дауыл ұшты
Ұшты ұшты Ұшақ ұшты
Ұшты ұшты Бала ұшты
Ұшты ұшты Ара ұшты
Ұшты ұшты Ағаш ұшты
Ұшты ұшты Көбелек Ұштты.
Жіргізуші: Қарлығаш тобынын орындауында
"Лизинка" биі.
Сайқымазақ: Сыңарын тап: Әли.........Ая
Аяз ата .............Ақшақар
Қасқыр мен ...........Қоян
Том және.................Джери
Маша мен..............Аю
Буратина..........Мальвина
Қызыл телпек пен..........Қасқыр
Балбөбек тобының орындауында "Ақ көгершін" биі
Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер мен сендерге ризамын
Бырге: Әр қашан күн сөнбесін әні.
Жүргізуші. Балалар осымен « 1-ші маусым Балаларды қорғау күні» атты мерекелік іс –шарамыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Би: Буги -буги .