Мектепке дейінгі ересек жастағы балаға қандай ертегілерді оқу керек? » КГКП "Ясли сад №179"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№179 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 225-40-97
Әдіскер:
+7(727) 225-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепке дейінгі ересек жастағы балаға қандай ертегілерді оқу керек?
24
қыркүйек
2024

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаға қандай ертегілерді оқу керек?

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаға қандай ертегілерді оқу керек?


Ересек жастағы балалар көбіне ертегінің тақырыбын өз таңдаулары бойынша қойғанда жақсы көреді. Бұл жастағы балалар да қарқынды, шытырман ертегілерді жақсы көреді. Сонымен қатар өздері тыңдаған  ертегілер кейіпкерлерінің өздеріне қуанышты көңіл-күй сыйлап, өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіргенді жақсы көреді.
 Ертегі әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Ұйымдастырылған оқу әрекетінде ертегілермен балаларды таныстыру, олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі ертегі кейіпкерлерін табиғи күйінде қабылдайды. Ертегі кейіпкерлерін балаларға оқыған кезде «Егер де мен…» стратегиясын қолдана отырып оқу өте маңызды. Мысалы, ертегі кейіпкерлерінің орнына балалардың өздерін қойып «Егер де мен «Алтын балық болсам …» деп, ертегінің соңын өз еркінше аяқтау баланы қиял әлеміне самғатып ойлануына мүмкіндік берсе,  ол баланы шығармашылыққа жетелейді. Және бала ертегіні кішкентай кезінде естісе де, жаңа әдістерді қолданып оқылған ертегі балаларға өте қызықты болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе, адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
 Мысалы, «Бауырсақ» ертегісі мазмұны бойынша бөлімдерге бөліп, тақырыптар қоюда «Ой шақыру» стратегиясында ертегі мазмұны суреттері бойынша сұрақ-жауап қолдану арқылы ертегінің баяу басталып, оқиға желісі күрделене түсетінін, яғни ертегіде оқиға желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болатынын түсініп ажырата алады. Ертегілер арқылы балалардың  қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады, балалардың шығармашылық қабілеті дамиды, өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді, кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттері дамиды.
 Ересек жастағы балалар тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып ертегілерін де қызығушылықпен тыңдайды. 5-6 жастағы балаларға көбіне  мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа, жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп, жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажырататын,  қоғамдық өмір, өлі және тірі табиғат туралы ертегілерді оқу да маңызды. Ертегілер – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады.  Сондықтан ертегілерді пайдалана отырып, ересек жастағы  балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта отырып, балада  мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын осы ертегілер екенін педагог-психолог пен ата-аналар ешқашан естен шығармаулары  керек. Және  ересек жастағы балаларға әртүрлі жанрдағы ертегіні жаңа әдістерді пайдалана отырып, санасына жеткізу олардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, бала тұлғасына жағымды адамгершілік сапаларын қалыптастыратынын ұмытпау керек. 

                                              Психологиялық кеңес


5-6 жастағы балаларды барлық мазмұндағы ертегілер қызықтырады. Ол үшін ертегіні таңдағанда баланың таңдауымен санасқан дұрыс. Ертегі бұрынғы болса да оның аяқталуын бала таңдауына салып, қазіргі заман талабына сай аяқтау да өте маңызды. Бұл шақтағы балалардың психикалық дамуы тұрақтала бастағандықтан ертегілер оларға ұнамаса, оның соңын өз қалауы бойынша өзгерте алады.