Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қақтығыстар және шешу жолдары » КГКП "Ясли сад №179"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№179 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 225-40-97
Әдіскер:
+7(727) 225-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қақтығыстар және шешу жолдары
25
ақпан
2024

Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қақтығыстар және шешу жолдары

Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қақтығыстар және шешу жолдары


Қақтығыс - егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғым балаларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табады. Балалардың даму процесінде олардың жас ерекшеліктеріне байланысты балалар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе. Мектеп жасына дейінгі балалар әлеуметтік қақтығыстардың белгілі бір тәжірибесін алатындығына күмән жоқ, бірақ әлеуметтік салыстыру тәжірибесін ала алмайды. Ең бастысы - балалар жаны өзара жеккөрушіліктің өсіп келе жатқан сезіміне төтеп береді. Мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалар қарсыласымен жұдырықтасу арқылы қарым-қатынасты реттеу керек деп санайды. Топта басталған қақтығыс ойын кезінде де жалғасады. Кейбір балалар үшін қақтығыс қосымша батырлықтың белгісі болады. Ересектер балаларға олардың ішкі тәжірибелерін түсінуге көмектеседі, олар қақтығысқа не әкелді және оларды татуластырудың әртүрлі әдістерін ойлап, сынап көруге тырысады. Ойында ұрыс-жанжал бастаған балаларға психологиялық тұрғыда ойындағы қақтығысты басу үшін қызықты бірлескен ойынды ұсынуға болады. Өйткені, жанжал - бұл мектепке дейінгі жастағы балалар ұстанатын кейбір ішкі күйзелістердің белгісі. Егер бала жанжалды өршітіп, қақтығыстарды қайта-қайта жаңартса, онда педагог жанжал жағдайын дұрыс шешу үшін кәсіби жауапкершілік көрсетеді. Педагогтің кәсіби ұстанымы - жанжалды шешу және бірінші кезекте дамып келе жатқан тұлғаның мүдделерін шешу үшін бастама көтеру. Әйтсе де, балалар қайшылықтарын сәтті шешудің алдын алу оңай. Педагогтің негізгі мақсаты - жанжалдың себептерін жоюға, жанжалға қатысушылардың мінез-құлқының алдын алу, жанжалдарға қатысушылардың қалыпты іс-әрекеттерінің алдын алу, сонда ғана балалар бір-бірін тыңдап, ойнайды. Жанжал жағдайы қақтығыста баланың және құрдастарының бірлескен іс-әрекеттерімен ғана дамиды. Мұндай қайшылық құрдастардың және баланың қажеттіліктері арасында туындаған кезде бұл құбылысты шешу үшін ойын әдістерін тиімді пайдалану маңызды.  Мектепке дейінгі кезең баланың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда сезімтал, басқа адамдарға деген ізгілікті көзқарасты дамыту кезеңі. Құрдастары арасында баланың эмоционалды ыңғайсыздығы үлкен маңызға ие. Мектепке дейінгі шақта балалар үшін ойыншықтарға байланысты қайшылықтар жиі кездеседі, орта жастағы балаларда  рөлдік ойындар мен ересек жастағы балалар үшін ережелі ойындарға байланысты болып келеді. Мектеп жасына дейінгі балада өзінің ішкі әлемі бар, сондықтан өзара қақтағыс кезінде бала ойланбайды. Ол тек сыртқы мінез-құлықты көреді. Қарсыласын итереді, айқайлайды, ойыншықтарды алып, лақтырады, бірақ ол әр құрдасының қалауы бар адам екенін түсінбейді. Мұндай жағдайда балаға және оның құрдастарына көмектесу маңызды. Балалардың құрдастарымен келіссөздер жүргізуі қиын, олар ойын ережелерін бұзатын балалармен жиі қақтығысады. Балаға ойын барысында құрдастарымен қақтығыстар орнату эмоционалды ұмтылыстардың болмауынан да болады. Мысалы, бала сүйікті досымен командадан бірге кетіп, қарсыласын ойнауға шақырады. Осындай өзара әрекеттесу нәтижесінде қарама-қайшылықтар пайда болады. Кей жағдайда педагог ойын барысында ересек балалардың ойынын қадағалап, басшылық жасамаса, топтағы лидер балалардың бір командаға бірігіп алуынан қақтығыстар жиі болып тұрады. Сәби шақтағы балалар арасында қақтығыс жеңіл түрде өтеді, себебі, кейбір балалар тілі әлі дұрыс жетілмегендіктен қолындағы ойыншығын жыламай-ақ, қарсылықсыз бере салады. Ал ойыншыққа таласу қақтығысы екі пысық баланың арасында туындайтын болса, онда мұның арты жанжалға айналады. Бұл қақтығысты тек педагогтің көмегімен ғана шешуге тура келеді. Балалар арасындағы қақтығыс уақытша ғана болады. Олар ойын баласы болғандықтан жанжалды тез ұмытып кетеді. Ересек шақта бала қақтығыс кезінде жауапкершілігі қиын проблемаларды шешуге және әділетті болуға әрекет етеді. Мектеп жасына дейінгі сәби және орта жастағы балалар мұндай қайшылықтарды ересектерсіз жеңе алмайды. Осы қайшылықтар жағдайында баланың ішкі эмоционалды жайлылығы, оның жағымды эмоционалды әл-ауқаты, сонымен бірге жеке қарым-қатынасы туындайды. Қақтығыс топтан оқшауланып жүретін балалар үшін тиімді болмайды. Олар үшін қақтығыс толықтай, гармоникалық қатынастардың қалыптасуын баяулатады және жеке тұлғаның қалыптасуын баяулатады. 5-6 жастағы балалар ойын барысында өз құрдастарын айтарлықтай қабылдайды, оларда бағалау, мақұлдау, таңдану сияқты эмоциялар өте маңызды. Балалар қызықты рөлге ие болу және өздерін көрсету қажеттілігін сезінеді, олар сәттілік пен сәтсіздік жағдайында өзін-өзі ұстай біледі. Көбінесе сәттілік жағдайында олар қуаныш сезімімен толады, ал егер олар ренжіген жағдайда, олар қызғаныш пен ашуланшақтықты сезінеді. Балаларда қақтығыс кезінде ересек адамдарға бағынбау, қыңырлық, ұялшақтық, жетілмегендік, мейірімділік, жалғандық, әлсіздік жиі көрініс береді. Сондықтан қақтығысты болдырмаудың басты себептері балаларды командалық ойындар кезінде олардың психологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу және алдын-ала қақтығысты болдырмау керектігін ескерту маңызды.








Психологиялық кеңес


Қақтығыстар баланың ойын барысында өзін еркін сезінуі мен ойын талаптарын орындамауынан, өз өктемдігін көрсете отырып, басқаларға бұйрық беруімен, ойында алдап, соңында дауға айналдыруымен сипатталады. Мектепке дейінгі жастағы бала мінезі дұрыс тәрбие барысында қалыптасады және ересек адамның оның мінез-құлқын үнемі түзету отыруы қажет. Ата-ана балаға әлеуметтік ортада қолайлы мінез-құлық нормаларын үйретуі керек. Қақтығыс барысында балалар арасындағы қарама-қайшылықтардың алдын-алу және түзету әлеуметтік қоғамда қалыпты қарым-қатынас орнатуға толық мүмкіндік береді.