Денсаулық еліне саяхат!
Тақырыбы:
« Денсаулық еліне саяхат!»
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Аубакирова А.О
Денсаулық еліне саяхат
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Аубакирова Асель Омаровна
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат»
Мақсаты:Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру.Гимнастикалық орындық үстімен тепе теңдікті сақтап жүруді,еденде жатқан кедергілерден қос аяқпен секіру.
Жасайды: Доппен орындалатын жаттығуларды.
Қажетті құралдар:Әр балаға доп,гимнастикалық орындық,кедергілер т.б ойынға қажетті заттар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар бір катармен кіреді
Шаттық шеңбері
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Сәулетті елдің көгінде,
Шамшырақ боп жанамыз.
Жарайсыңдар балалар!
Біздің бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Денсаулық еліне саяхат» деп аталады.
-Адам өмір сүру үшін не қажет?
-Денсаулық
-Деніміз сау болу үшін не істеу қажет?
-Ерте туру керек,шынығу керек,дұрыс тамақтану кажет,таза ауада көп серуендеу керек.
-Дұрыс айтасыңдар балалар!
Бой жазу жаттығуы:
А)Аяқтың ұшымен жүру,колды жоғары көтеріп
Ә)Қолды белде ұстап,өкшемен жүру
Б)Қолды тізеге койып еңкейіп жүру.
Жай жүру( демді ішке тарта және шығара жүру)
Балалар 2 қатарға тұрады .
Жан жақты дамыту жаттығуы:
Кәне балалар қолымыз(қолды артқа жасырып тұрамыз) 2 рет
Балалар:
Жоқ біздің қолымыз (қолды артқа жасырып тұрып) 2 рет
Міне біздің қолымыз,міне біздің алақан екі рет
Қолдарымыз билейді,билейді
Шаршағанды білмейді,білмейді.
Кілемнің үстіне жатып аяқты созып,жинаймыз 3-4 рет
Доппен жаттығу:
Допты жерден алып,жоғары котеру (оңға солға иілу) 3-4 рет
Негізгі қимыл қозғалыс жаттығулары:
1 Доғалдын астынан өту
2 Кедергілерді қос аякпен секіру
3 Гимнастикалық орындық үстімен тепе теңдікті сақтап жүру.
Ойын:«Кім жылдам?»
Шарты:Екі топқа бөлініп,жылдамдықпен пирамиданы құрастыру
Аутотренинг жаттығулары:
- Балалар шеңбер құрып, қолдарын бір - бірінің иықтарына қойып, көздерін жұмып баяу ән ырғағымен қимыл жасайды.
Тыныс алу жаттығулары:
Балалар шарды үрлеу әдісі қолдана отырып, шеңбер бойында тыныс алу жаттығуын жасады.
Қорытынды: Балалар денсаулық еліне саяхат жасай отырып , денсаулықтың адам өмірінде маңыздылыығын ұғынды. Дені саудың, жаны сау.