Дене шынықтыру » КГКП "Ясли сад №179"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№179 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 225-40-97
Әдіскер:
+7(727) 225-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дене шынықтыру
01
сәуір
2016

Дене шынықтыру

 

Технологиялық карта

Білім беру саласы: «Денсаулық».

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Сабақтың тақырыбы: Ғарышқа саяхат.Сабақтың мақсаты: Балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары- қазақ ғарышкерлерімен таныстыру.Міндеттері: а) Балаларға ғарышкер өмірінен мағлұмат беру, ойын дамыту. Ой- өрісін кеңейту. Балалардың сөздік қорын байытып, тіл байлығын молайтып, ойлауға армандауға баулу;б)Ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданып,еңбеккер адамдар ұшатынын ұқтыра отырып,бүлдіршіндерді еңбек сұигіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: Ғарышкерлер суреттері, гимнастикалық таяқшалар, ойынға арналған құралдар, интерактивті тақта.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгімелеу, түсіндіру.

Сөздік жұмыс:Ғарыш айлағы дегеніміз- бұл зымыран, ғарыш серіктері мен лкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын.

Қос тілдік компонент: Ғаламшар – планета, Ғарыш – космос

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту

Балалар марш жүрісімен шығады. Шеңберге тұрып амандасу рәсімін орындайды Сәлем достар, сәлем достар. Армысың шапағатты күніміз, Армысың мейірімді жеріміз. Армысың табиғат- анамыз, Армысыңдар қонақтар.

 

Балалар маршпен арақашықтықты сақтап жүру.

Балалар шеңбер бойымен тұрып құшақтасу амандасу рәсімін жасау.

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Кіріспе әңгіме. Бір қатарға тұру. Екіге бөліну. Бір қатарға тұру, жылан сияқты ирелеңдеп жүру. Маршпен жүру, шеңберге тұру. Глобуспен жұмыс. (глобусты беру арқылы басты, аяқ ұшын тигізу) Қол жоғары аяқ ұшымен жүру.Қол белде өкшелеп жүру, жартылай отырып жүру. Қолды жанға созу арқылы секіру,(алдыға , артқа қарап секіру) Маршпен жүру екіге бөліну. Ғарыш жайлы мағлұмат беру. Ең алғаш 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа ұшқан Ресей азаматыЮ. А. Гагаринболды.Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын. Ол герметикалық қабықпен қапталған жер серігімен ұшырылып, аман- есен оралды. Лайка итінің артынан басқа да иттер ұшырылды. Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка және Стрелка иттері болатын. Олармен бірге 40 тышқан,2 сұртышқан, әртүрлі жәндіктер, өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылды. Олар жерді 17- рет айналып оралды. Сонан кейін Ю Гагарин ұшты. Ал Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров. Одан кейін қазақ азаматы Т. Мұсабаев ұшты.Балалар сендер ғарышкерлер жайлы қандай тақпақ білесіңдер. Тақпақтар. 1. Аспан, аспан арайлым Саған жиі қараймын Сені көзбен шоламын Мен ғарышкер боламын.

2. Көкке ұшамын- Ұшқыш болар баламын. Соңына ергем Тоқтар ағаның Батыр болам- Көк аспанды сүйемін. Жұлдыздарға Барып-келіп жүремін. 3.Мөлдір тұнық көк аспан,
Ол аспанға жарасқан.
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді.
4.Ар намысын ақтаған,
Жүректе сыр жаттаған.
Туған елін ұясын,
Жан тәнімен сақтаған.
Ұшқыш болғым келеді.
5.Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген.
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлек боп түйілген
Ұшқыш болғым келеді. Жарайсыңдар балалар. Біз ғарышкер болу үшін мықты, күшті,әлді және шымыр болуымыз керек ендіше шынығайық.

Негізгі жаттығу.

1.Аяқ алшақ қол белде, басты оңға, солға бұру толық айналдыру.

2. Аяқ алшақ , қол белде, иықты жоғары-төмен түсіру.

3. Аяқ бірге, қолды жоғары ұсау,оң аяқты артқа жіберу. Б.қ келу.

4.Аяқ бірге, тізерлеп отыру, қол белде, артқа шалқайу бастапқы қалыпқа келу.

5.Отыру аяқ бірге, қолды жерге тіреу,кеудені көтеру.

6.Аяқты біріктірп отыру, кезек қарау көзілдірік жасау.

7.Кеудемен жату, қол мен аяқты көтеру. Құс қимылын жасау.

8.Тыныс алу жаттығуын жасау.

Балалар біз өз өнерімізді қонақтарға көрсетейік. 2-топқа бөліну.

1.Ойын: «өзгету»

2.Ойын «өзгету».

Екі сапқа тұрған балалар арнайы гимнастикалық таяқшалармен өз ғарыш кемелерімізді құрайық. 3. Ойын «Өзгерту».

Әркім өз құраған ғарыш кемесіне қону.

 

Балалар бір қатарға тұру. Екіге бөліну, жылан сияқты ирелеңдеп жүру, маршпен жүру. Глобуспен жұмыс.

 

 

Қимылдарды жасау.

 

 

 

 

Ғарыш жайлы мағлұмат беру әңгімелесу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тыныс алу жаттығуларын жасайды.

 

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Гимнастикалық таяқшаларды дұрыс пайдаланды.

 

 

 

Рефлекстік-түзету (корекциялық)

Тыныштық күйі. Балалар шеңбер бойымен шалқадан жату. Ыңғайланып жатыңыздар, Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңы. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

 

Балалар тыныштық күйін жасайды. Шеңбер бойымен жатады, еркін дем алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сау болыңдар.

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды;Жаттығуларды тиянақты орындайды.

Түсінеді:Ғарышкерлердің қызметінжәне іс-әрекеті.

Қолданады:Балалар ғарышкерлер туралы алған білімдерін қолданады.

 

 

 

 




 

Похожие публикации: