Сары алтындай сары күз!!! Балбөбек тобының мерекелік ертеңгілігі.
Алтын күз
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Балалар қолдарындағы жапырақтармен,әдемі музыка әуенімен залға билеп кіреді.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметұстаздар,сүйікті балалар . Баршаңызды бүгінгі жапырағымен шашуын шашып ,алтын астығын ала келген күз мерекесімен құттықтаймыз.
Күз келді
Сарғайды тоғай, Ақпейіл
Сап-сары маңай.
Соңғы әніні айтып,
Құс кетті қайтып.
Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер –жыртқан тыңда,
Трактор қырда.
Жапырақ ұшты,
Суықта түсті.
Сондада бізге,
Қызық көп күзде .М .Әлімбаев
Қараңдаршы балалар,
Қандай әсем күз деген.
Жапырақты жинаймыз,
Би билейміз бәріміз.
Тамаша бір ән салсақ,
Кірер сонда сәніміз.
Демекші «Күз тамаша» әнін шырқап жіберейік.
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс астық шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз. Ақарыс
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз. Бекарыс
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келді жар салып,
Күзгі суық басталды Камшат
Жапырақтар сарғайыпты далада,
Енді бәрі сап-сары боп қала ма?
Жоқ әрине ,бүршік атып көктемде,
Боялады ашық жасыл көп реңге
Ойын :«Жапырақтар»
Сап-сары маңай,
Сап-сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып. Ерасыл
Алақай-алақай,
Шаттанды балақай,
Күз түсті, дән пісті,
Айтамыз алғысты. Муслим.
Ағаштардан жамырап,
Үшты кенет жапырақ.
Ой,алақай,тамаша.
Шашу шашты жапырақ. Жанайым.
Жауа берші ,жау жаңбыр,
Дала көркңн жандандыр.
Жауа берші,жау жаңбыр,
Қаулап өссін алуан гүл Бақжан
Би «Қолшатыр»
Ал балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты,соны қарсы алайық.
Күз қонаққа келеді.
Көрініс « Күз айлары»
Қыз (сазды әуенмен қыз себет ұстап,ән айтып келе жатады)
Орманға барамын
Табиғатқа қараймын.
Бар әлем әдемі,
Түрлі –түсті әлемі.
Ағаштар әсем –ай,күз келді алақай!
Осы кезде өз әнімен бірінші ай Қыркүйек айы кіреді
Мен күздің айымын,
Молшылық беремін.
Жылы күн райымын,
Күзгі сұлу қызбын мен,
Қыркүйек айымын
Күздің басымын.
Осы кезде өз әнімен күздің екінші ай Қазан кіреді
Мен күздің айымын,
Молшылық беремін.
Дәмді –дәмді жемістер,
Пайдалы көкөністер.
Менің атым Қазан,
Жомарт боламын әрқашан.
Осы кезде өз әнімен үшінші ай Қараша кіреді.
Мен күздің айымын,
Жаңбырлы күн райымын.
Жылы киім киіңдер,
Сырқап,аурып жүрмеңдер.
Менің атым Қараша,
Күз қандай тамаша!
Ал қонақтар төрлетіңіздер. Біздің балаларға қандай сыйлық әкелдіңіздер? Күз айлары:Біз балаларға қызықты ойын әкелдік.
Ойын:«Көк өністер мен жемістерді жинау»
Балалар күзе пісетін қандай жемістер мен көкөністерді білесіңдер?
Балалар алма,алмұрт,өрік, қауын ,қарбыз,қияр т.б
Жемістер туралы тақпақтар
Апорт деген тәтті алма,
Жер жаратын атағы.
Ондай алма қайда бар,
Алматы оның Отаны. Сабина
Жүзім пісті бір-бірлеп,
Үзіп мәзбіз біз енді.
Қоңырауы күмбірлеп,
Қыркүйекте күз келді. Аяна
Тым-пияз бұқпаймын,
Көзден жасты шығарып.
Тұмаудан бірақ сақтаймын. Мукаш
Ендеше Алтын күз сіздің құрметіңізге балалардың күз туралы әнін қабыл алыңыз.
Ән «Алтын күз»
Үсті толы ине,
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түйме .ол не? /Кірпі/
Кірпі-талғаусыз қоректенетін жануар.
Ол әр түрлі жәндіктерді аулап, жеміс-жидектерді жақсы көреді.Жақсы естиді және иісшіл болады.ол қорыққан кезде домалана қалады.Оның сыртындағы инелері өздерін қорғайды.екен
Ендеше біхдің жігіттердің орындауында
Би: «Кірпілер» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші :
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түсін тойланып.
Сау болыңдар халайық,
Келгенше күз айналып.
Сіздерге көп рахмет,келесі жүздескенше аман-есен болыңыздар!