Баланың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту » КГКП "Ясли сад №179"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№179 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 225-40-97
Әдіскер:
+7(727) 225-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баланың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту
24
қыркүйек
2024

Баланың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту

Дене шынықтыру нұсқаушысы кеңесі

Баланың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту

Бала ағзасының қозғалыс белсенділігіне қажеттілігі әр балада әртүрлі және көптеген физиологиялық, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторларға байланысты болады. Баланың қозғалыс белсенділігіне қажеттілік деңгейі көбінесе тұқым қуалайтын және генетикалық белгілермен анықталады. Ағзаның қалыпты дамуы мен қызмет етуі, денсаулықты сақтау үшін қозғалыс белсенділігінің белгілі бір деңгейі қажет. Бұл аралықта қозғалыс белсенділігінің ең төменгі, оңтайлы және ең жоғарғы деңгейлері болады. Баланың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту дегеніміз – әр баланың бірін-бірі қайталамайтын жеке тұлға екендігін ескере отырып, оның өз өмір жолын таңдауға еркі бар, өзінің табиғи қабілеттерін дамытуға құқығы бар, өзінің «мені» бар сапаларын сақтай отырып, дене дамуын нығайту. Балаға өз қызығушылығы мен сұранысы және мақсаттары бар тұлға деп қарау қажет. Нығайту жүйесі тұлғаның еркін дамуымен, оның физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық, психологиялық, моральдық-еріктік және құндылық қабілеттерінің үйлесімді дамуы үшін бүкіл адамзат цивилизациясының мәдени жетістіктері негізінде дамуы жүзеге асу үшін жағдай жасайды. Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің және жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түсетін кезі. Ал жекелеген жүйелер, мүшелер - жүрек, тамыр, жүйке психологиялық тыныс алу, имуналдық жүйелері толыққанды жетілмесе, онда бала ағзасының қорғаныс күші және ауруға қарсылықты көрсете алуы әлі де жеткіліксіз болып келеді. Бала аз қимыл-әрекет жасағанда ауруға жиі ұшырайды. Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда осы денсаулық сақтау іс-шаралары міндетті түрде кешенді және жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады. Мектепке дейінгі білім беру ұйым әрекетінің басым бағыттарының бірі - әр баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға жағдай жасау, балалардың дұрыс эмоционалдық саулығын сақтау, әрбір баланың ерекшелігін сақтауға, педагогикалық сүйемелдеуіне жағдай жасау болып табылады. Осының бәрі – денсаулық сақтау кеңістігі немесе білім беру мекемесінің денсаулық сақтау ортасы деген түсінікке жатады. Денсаулық сақтау ортасы дегеніміз – баланы икемді дамытатын, қысым көрсетпейтін орта, оның негізіне балалардың эмоционалды жайлы ортасы мен жағымды күн тәртібі жатады. Қазіргі кезде денсаулық сақтау кеңістігі әлеуметтік-гигиеналық және психологиялық-педагогикалық, әдеп-этикалық, экологиялық, денсаулықты сауықтыру білім беру жүйелерінің кешенді шаралары деп қарастырылады. Осы кешенді шаралар баланың отбасында, балабақшада, тұрмыстық ортада аман-сау дамуына, психологиялық және физикалық денсаулығына жағдай жасайды. Мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, оқу әрекетіне қызығушылығы және баланың қабілеттері ашыла бастайды. Мектепке дейінгі балалардың жасында дене шынықтырудың қалыптасуы оқу-тәрбие үрдісінде қоршаған ортаны танып білуде, жолдастарына және өзіне деген оң көзқарастық орнатады. 3-5 жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуындағы басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты. Себебі, қимыл қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады. Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс - бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтан да қимыл күші оның денесін нығайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап, оны іске асыру балалардың қимыл дағыдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейімделу қабілетіне және психологиялық тұрғыда қалыпты дамуына әсер етеді.


Психологиялық кеңес


Мектеп жасына дейінгі шақта дені сау тұлғаны қалыптастыру физикалық тәрбие беру мен оның тұлғасын, тіл табысу мен креативтілікті, өзін-өзі бағалау адекваттылығын, автономдылығын, өзін-өзі басқаруын дамытуға әсер ететін, гигиеналық ұйымдастырылған және арнайы жасалған әлеуметтік ортада, бағытталып дамуымен әрекетті байланысын қамтамасыз ету болып табылады. Мектепке дейінгі шақта тәрбиелік жұмыстар жасалу кезінде баланың өз денсаулығына деген позитивті күтім жасау динамикасы байқалады. 5-тен 7 жасқа дейінгі жас аралығы баланың өз денсаулығына деген саналы қарым-қатынасын және физикалық мүмкіндіктері мен психологиялық дамуын қалыптастырудың қолайлы уақыты болып саналады. Балада өз денсаулығына деген жасампаз ұстанымын қалыптастырудың маңызды алғышарттары болып, салауатты өмір салтына қажеттілігі болуымен шарттанады, ол ерекше шарттар қатарын орындау кезінде қалыптасады, олардың бәрі баламен, оның өз физикалық қабілеттерін рефлексиялау және олардың денсаулық күйімен байланысты болып келеді.