25-қазан Республика күні
Балаларға 25 қазан – Республика күні туралы түсінік беру, Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретіндегі тарихымен таныстыру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Балалардың бойында патриоттық сезім, мақтаныш, достық пен бірлік қасиеттерін қалыптастыру. Міндеттері: Балаларға Республика күні туралы түсінік қалыптастыру. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Отан, туған жер туралы білімдерін кеңейту.