Ата-аналарға арналған ішкі тәртіп ережелері » Страница 17 » КГКП "Ясли сад №179"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№179 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 225-40-97
Әдіскер:
+7(727) 225-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналарға арналған ішкі тәртіп ережелері
12
ақпан
2017

Ата-аналарға арналған ішкі тәртіп ережелері

 Ата-аналарға арналған ішкі тәртіп ережелері
Егер сіз баланы күн тәртібіндегі кезең басталып кеткенде алып келсеңіз баланың киімін ауыстырып онымен бірге жақын арадағы үзілісті тосыңыз.
Педагогтар сізбен балаңыз туралы сағат 9.00-ге дейін, кешке 18.00-ден кейін сөйлесуге дайын, басқа уақытта педагог балалар тобымен жұмыс жасауы тиіс және оны алаңдатуға болмайды.
 Топ педагогының жасына қарамай оған Сіз деп, есімі мен әкесінің атын айтып сөйлесу керек.
 Даулы жағдайларды баланың қатысуынсыз шешу керек.
 Егер сіз топ педагогымен белгілі бір мәселені шеше алмасаңыз әдіскерге немесе меңгерушіге келіңіз.
 Жадыңызда болсын, Сіз балабақшада өзіңізді толғандыратын бала тәрбиесіне қатысты барлық мәселе бойынша жеке көмек және кеңес алуыңызға болады.
 Сізден балаңыздың қалтасында өткір, кесетін және үшкір заттардың болмауын қадағалауыңызды сұраймыз.
 Балабақшада балаға сағыз бермеуіңізді сұраймыз.
 Топта балаларға бір-бірін ұруға, ренжітуге, рұқсатсыз біреудің затын, сонымен қатар үйінен алып келген баланың ойыншығын алуға, басқа балалардың қолдан жасаған еңбегін бұзып, сындыруға тыйым салынады. Балаларға бір-біріне қарсы шығу, ұрып-соғуға рұқсат етілмейді. Бұл талаптар әрбір баланың қауіпсіздігі үшін жасалған.
 Үйінен алып келген ойыншықты бала өзі қадағалауы тиіс, тәрбиешілер бұл ойыншықтар үшін жауап бермейді.

Похожие публикации:

12 ақпан 2017 Хабарландыру
20 қыркүйек 2016 Бірге қызықты!
01 сәуір 2016 Дене шынықтыру