Арайлы алтын күз! » Страница 2 » КГКП "Ясли сад №179"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№179 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 225-40-97
Әдіскер:
+7(727) 225-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Арайлы алтын күз!
13
қазан
2020

Арайлы алтын күз!

«Алтын күз, әсем айналам!

Зал іші мерекеге сай безендірілген.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Бұлттар төгіп жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөпсарғайып, өңітайып,

Дала сұрықашады.

Бой жазаалмай, ойнайалмай,

Денеңмұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Күз).

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі.

-Күз мезгілініңқайайы.

Қазанайы.

Дұрыс айтасыңдар балалар. –Мінекей күз де келіп жетті.

-Күзде қандай өзгерістер, құбылыстар болады.

-Жаңбыр жиі жауады.

-Күн суыта бастайды, адамдар жылы киінеді.

-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

«Көкмайсалы көрікті, алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»- Бұл не, балалар? (Күз)

Осы кезде Күз ханшайымы себетке салған жемістерімен ,билеп кіреді.

Күз ханшайымы:

Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Күз сыйлығын алыңдар,

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттықәнгесалыңдар.

Күз ханшайымы: -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер шешуін табыңдар.

Өрік, алша,

Шие алма.

Жидек, жүзімпіседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз,

Дүкен дерге түседі.

Бұл қайкезде болады? (күзмезгілінде)

-Жарайсыңдар балалар!

Ән «Күз келді»

Жүргізуші: «Күз ханшайымы» біздің балалардың сізге арнаған өлең, тақпақтары, шағын көріністері бар екен. Бізбен бірге тамашалайсыз ба?

Кішкентай  бүлдіршіндеріміздің сізге арнаған тақпақтарын тыңдайық.

Фатима

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күзге нұр төгіп 

Қәусәр

Өрік,шие, балы бар

Қарбыз ,қауын көбейді,

Жегін келсе бәрін ал

Неге алдын демеймін

Мариям

Сары жапырақ төгілген,

Тоғайды да көрдім мен

Енді сары бояумен,

Күз суретін салам мен.

Бар байлығын халқынан,

Аямаған алтын күз.

Аделина

Алтын дала сәулетті

Астық отан дәулетті,

Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала.

Алан

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Дарын

.Күзде жауын,бұлт, ұман,

Сары жапырақ жауады!

Сары құйын ұйытқан

Сапырады ауаны

«Күз ханшайымы» сіздің әкелген жемістеріңізбен балалар ойын ойнағысы келіп отыр.

Ойын«Алманы себетке түсір». 

Күз ханшайымы:Бәрекелді, керемет!

Ән «Құстар»

Жүргізуші:«Күз ханшайымы» біздің балалардың сізге арнаған тағыда өлең, тақпақтары бар.

Ақниет

.Қарашы күз келді,күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді

Қара бұлт қабағын түйеді.

Медина

 Жемісін мол теретін

Күз дос екен бізбен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген 

Тимур

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Айару

Алтын,сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Жанерке

 Алақай,алақай,

Шаттанды балақай.

Береке – салты күз,

Мереке – алтын күз.

Аниса: ****

Қүзгі оқиға: /қойылым/

Балалар бүгінгі күн ерекше мен сендерге қызықты оқиғаны баяндап берейін. Өткен күзде бір кішкене ауылда болған жайт екен. Сол ауылда кішкентай сүйкімді **** есімді қыз тұрыпты. ***** ну орманға жеміс- жидек теруге шығады. Ол орманға кіре сала таң қалады.

Қыз: Орман іші қандай тамаша. Мына жапырақ қандай үлкен еді.

Санырауқұлақ: Қорықпа кішкентай қыз мен саңырауқұлақпын.

Қыз: Сенде менен қорықпа Санырауқұлақ.

Санырауқұлақ: Сен орманда не істеп жүрсін кішкентай, сүйкімды қыз.

Қыз:  Мен жеміс-жидек теруге келдім орманға.

Санырауқұлақ: Ендеше мен достарымды шақырайын.

«Санырауқұлақ биі»

Жүргізуші: Сөйтіп сүйкімды қыз саңырауқұлақпен достасып, жеміс-жидек жинап көңілді болып үйіне қайтады.

Би:»Саңырауқұлақтар»

Күз ханшайымы:Бәрекелді, керемет!

«Күз ханшайымы» сіздің әкелген көкеністермен балалар ойын ойнағысы келіп отыр.

Күзханшайымы: Жарайды ойнайық!

Ойын: «Картопты жинаймыз».

Жүргізуші:Күзханшайымы, біздіңбалалар әдемі биі бар, тамашалап көресізбе?

«Алма» биі

«Күзханшайымы».

-Балаларөнерлеріңкөпекен. Сендерге риза болыптұрмын. Ал, сауболыптұрыңдар. Әкелгенжемістерінбалаларғатаратады.

Жүргізуші:

 Рақмет саған  «Күзханшайымы». Жыл сайын молшылыққа кенеліп, құт береке болсын. Сау болып тұрыңыз.

Жүргізуші:

-Құрметті ата-аналар, қонақтар,  бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып,күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

«Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар қонақтар,

Келгенше жыл айналып».

МКҚК №179 бобекжай-балабақшасы

Келісілді: Боданова А












Алтын күз, әсем айналам!

«Қарлығаш» тобы»






Орындаған: Шермаль С.В.






Похожие публикации:

06 қазан 2020 Алтын күз!
27 желтоқсан 2019 Қош келдің ,Жаңа жыл!
21 қыркүйек 2016 "Алтын күз!"
Назад 1 2 Вперед