Алтын күз!
Алтын күз!
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Тәрбиеші: Құрметті балалар. Міне өлкемізге түрлі түсті жапырақтарымен толқып билеп күз де келді. Алтын күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда. Мереке құтты болсын! Ендеше «Алтын күз» әнімен ойын сауығымызды бастайық.
Ән: «Шух-шух!»
Тәрбиеші: Балалар күз деген не?
Күз дегенің сарғайған жапырақтар.
Күз –молшылық.
Күз-жауын-шашын.
Күз деген астыққа толы алтын алтын алқап.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар ертеңгілігімізге басты кейіпкерді шақырайық. Ендеше кәне бәріміз дауыстап шақырайық.
Күз, күз, кел, кел.
Жомарт күз, Мырза күз
Сыйлықтарды бізге бер.
Күз ханшайым:
Сәлеметсіңдерме балалар!
Келдім ұшып желмен мен,
Суық пенен жаңбырды.
Ала келдім өзіммен.
Тәрбиеші: Сәлем бердік алтын күз! Хош келдің алтын күз! Алтын күз сіз бізге қандай сыймен келдіңіз? Күз ханшайымы: Көптеген жеміс жидектер, молшылық әкелдім.
Би: «Жапырақтар»
Тәрбиеші: Тағы немен келдіңіз?
Күз ханшайымы: Мен сендермен ойын ойнауға болама?.
Тәрбиеші: Өте жақсы, ендеше ойын ойнайық.
Ойын: «Күз бен жаңбыр»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Күз ханшайымы сізге көп көп рахмет, енді бізбен бірге қосылып ән салыңыз.
Ән: «Күз,күз, кел, кел!»
Би: «Текшелер»
Күз ханшайымы: Өте керемет, тамаша жарайсыңдар балалар, ендеше келесі мерекеге дейін сау саламатта болайық.!(кетеді)
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, сүйкімді балалар осымен мерекеміз аяқталды. Алтын күздің молшылығындай кең болып, көңілдеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын.
Кіші топ "Құлпынай"Тәрбиеші: Садыбекова Чинар
Іс-шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді. Бетперде, антисептик, ара-қашықтық сақталды.