2 жастағы баланың тілін қалай дамытуға болады?
2 жастағы баланың тілін қалай дамытуға болады? Бала тілінің дамуы өте қарқынды өтетін және тілді үйренуге деген ерекше сезімталдығы байқалатын «сензитивті» кезең екі жасында басталады. Бала екі жасында ересек адамдардың сөздері мен сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды. Оның белсенді сөздік қоры өседі, бала тілдің грамматикалық құрылысын меңгереді, сөйлемдерді қолдана бастайды. Тілді түсіну біртіндеп болатын процесс. Бұл процестің дамуы үшін бір жарым жасқа дейін заттар, қимылдар мен