Коронавирус туралы мәлімет » КГКП "Ясли сад №179"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№179 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 225-40-97
Әдіскер:
+7(727) 225-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Коронавирус туралы мәлімет
02
наурыз
2020

Коронавирус туралы мәлімет


Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі: 
- білім беру ұйымдарында вирустық аурулардың, оның ішінде короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын құруды (ҚР ДСМ 11.09.2013ж. №466 бұйрығы бойынша жұмыс істеу)
- барлық білім алушыларды, педагогтар мен ата-аналарды вирустық инфекция, оның ішінде короновирустық инфекция белгілері туралы, сондай-ақ короновирустық инфекцияға күдікті уақытта алдын алу шаралары мен ұйымдарының ресми сайттарында ата-аналар арасында вирустық аурудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді
- короновирустық инфекцияға  күдікті адамдарды анықтау кезінде білім беру обьектілері қызметкерлерінің әрекет ету тетігін әзірлеуді.
-

Коронавирус инфекциясы туралы 

  • коронавирус – вирус инфекциясының 2019-nCoV деп аталатын жаңа типі;
  • жоғары тынысалу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруына, өкпенің қабынуына, өлім-жітімге cебеп болуы мүмкін;
  • 2019 жылы Қытайдың Ухань провинциясында анықталды;
  • вирус басқа елдерге сапарға шыққан адамдармен бірге таралады;
  • коронавирус өте жылдам тарайды;
  • коронавирусты жұқтырғандар мен вирустан қайтыс болғандардың басым бөлігі Қытайда тіркелген;
  • Хубэй провинциясының 15 қаласында карантин жарияланып, тұрғындарға қаладан шығуға тыйым салынған;
  • індет ошағына автобус пен пойыздардың қозғалысы, ұшақ рейстері тоқтатылды;

Коронавирус белгілері:

  • дене қызуының көтерілуі;
  • тұмау;
  • бас ауруы;
  • жөтел;
  • тамақ ауруы;
  • әлсіздік;
  • іш өту.
* иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.
Инкубация кезеңі – 2 күннен 14 күнге дейінгі аралық.

Диагностика

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест жүйелері қолданысқа енді. Ол үшін:
  • қан анализін;
  • несеп анализін;
  • лаборатория зерттеулерін;
  • ПТР-ды (полимераз тізбек реакциясы) тапсыру қажет.
Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Инфекцияның берілу жолдары:

  • көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайды;
  • тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)
Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.

Профилактика шаралары:

– қол және тынысалу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы мұқият жуу, мұрынды изотон ерітіндімен жуу;
– иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;
– бөлмені желдету;
– жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;
– катарал құбылыстары бар тұлғалармен қарым-қатынас жасамау;
– коронавирус жағдайы тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;
– адам көп жиналған жерлерден алшақ болу.