08
қыркүйек
2020
"Ботақан" тобы. Ауа райын бақылау.
Ауа райын бақылау.
Мақсаты:Жыл мезгілінің қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.
Бақылау барысы:
Балаларға аспанда күннің көзі барма екенін қарауды ұсыну.
- Бұлттар күннің көзін не істеді? (Жапты)
- Аспан қандай? (Бұлтты)
- Ауа-райы ше? (Бұлыңғыр)
Кең аспанды бұлт қаптап,
Күз келгенін сездірер
Жаздай жүрген тұрақтап
Көкекті де бездірер
Балалардың назарын ағаш басына аудару. Ағаштардың шайқалып қозғалады. Себебі:оларды жел тербейді.Еңбек әрекеті:
Ауладағы құмды суару.
Мақсаты:
- Ауладағы тазалық пен тәртіпті сақтауға дағдыландыру.
- Құрғақ құмнан,ылғалды құмның пайдасы бар екендігін ұғындырып,одан бауырсақ жасауға болатындығын үйретіп бекіту.
«Автомабиль мен торғайлар»
Мақсаты:
Белгі бойынша бірін бірі итермей,шапшаң жүгіре алуға үйрету. Өз орнын таба алу.
«Затты абайла»
Мақсаты:
Кеңістікте белгі бойынша әрекет етуге үйрету,ептіліктерін дамыту.
Жеке жұмыс:
Қимыл қозғалысын дамыту.
Шығарылатын материал:
Әр балаға ойнауға арналған суқұйғыш,текшелер мен пішіндер.