Консультациялық пункт жұмысы
Консультациялық пукттің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға диагностикалық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері: - ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық қолдау көрсету және балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту мәселелері бойынша педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру; - белгілі бір себептермен білім беру ұйымына бара алмайтын балалардың әлеуметтенуіне ықпал ету;
КП жұмысының негізгі бағыттары:
- диагностикалық көмек көрсету - баланы психологиялықпедагогикалық тұрғыдан зерттеу, бала тұлғасының жеке ерекшеліктері мен бейімділігін, оның әлеуетті мүмкіндіктерін, әлеуметтік бейімделуін анықтау, баланы одан әрі дамыту мен тәрбиелеу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- консультациялық көмек көрсету - психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық консультация беру, ата-аналарды (заңды өкілдерді) бала дамуының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, тәрбиенің негізгі бағыттарының ықпалы, күйзеліс жағдайларын еңсеру туралы хабардар ету;
- әдістемелік көмек көрсету - ата-аналарды (заңды өкілдерді) ағарту, отбасында туындайтын мәселелердің алдын алуға бағытталған педагогикалық әдістер мен тәсілдер туралы ата-аналарды хабардар ету, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру, отбасында жағымды қарымқатынастар орнату, баланың жеке даму ерекшеліктері негізінде түзету және дамыту технологияларымен, отбасы жағдайында тәрбиелеу процесін ұйымдастырумен таныстыру.