Мектеппен сабақтастық
Сабақтастық – үздіксіз білім берудің алтын көпірі! Ауданымызда өтіп жатқан «Ұстаздарға тағзым» атты челлендж аясында және де № 129 мектеппен сабақтастық барысында бүлдіршіндерімізбен бірге аталған білім ордасына арнайы барып қайттық. Мақсатымыз – балаларды мектеп өмірімен таныстырып, алдағы білім баспалдағына дайындау. Бүлдіршіндеріміз мектеп ішін аралап, мектеп өмірінің қызықты тұстарын көріп ұстаздармен танысып,оқушылардан сыйлық алып ерекше әсерге бөленді. Бұл – олар үшін үлкен өмірге