"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" » КГКП "Ясли сад №179"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№179 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 225-40-97
Әдіскер:
+7(727) 225-40-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою"
02
қыркүйек
2024

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою"

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою"
Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

1-параграф. "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызмет) республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

5. Кезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе ақпараттандыру объектілері арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш, сондай-ақ 2-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кезекке қою бойынша өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 190-бабына сәйкес резидент емес болып табылатын көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.


https://balabaqsha.open-almaty.kz/​​​
Жүйе арқылы мектепке дейінгі балалар ұйымдарының мәселелері бойынша balabaqsha.bilimalmaty.kz (бос орындардың болуы, кезекке тұру, жолдамалар беру, жеке кабинетке кіру және т. б.) нөмірлер бойынша Call-center-ге хабарласуға болады: 1308, +7 (727) 338-33-88. Техникалық сұрақтар бойынша: +7 (771) 030-17-48 (WhatsApp/қоңыраулар) жұмыс күндері 9:00-ден 18: 00-ге дейін (13:00 – ден 14:00-ге дейін-түскі ас уақыты)

По вопросам детских дошкольных организации посредством системыbalabaqsha.bilimalmaty.kz (наличие свободных мест, постановка в очередь, выдача направлений, вход в личный кабинет и др.) можно обратиться в Call-center по номерам: 1308, +7 (727) 338-33-88. По техническим вопросам по номеру: +7 (771) 030-17-48 (WhatsApp/звонки) будние дни с 9:00 до 18:00 (с 13:00 до 14:00 – обеденное время)